2019 жылдың 9 айында Жаңақала аудандық сотының сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ашық есік күні
Ағымдағы жылы 25 қазан күні Батыс қазақстан облысы Жаңақала ауданының мәдениет үйінде 2019 жылдың 9 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы ашық есік күні өтті.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Махамбет Бақтығұлов, сот төрағасы Сабыржан Есжанов, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, сот қызметкерлері, прокуратура, полиция бөлімінің, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева шараны аша отырып, күн тәртібімен таныстырды.
Сот төрағасы С.Есжанов сот төрелігін жүзеге асырудың нәтижелері мен көрсеткіштеріне назар аудара отырып, қазіргі уақытта сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру, сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу-сот жұмысының басым бағыттары туралы баяндама жасады.
Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы М.Бақтығұлов өз сөзінде сот қызметін жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі - сот төрелігінің жеті түйініне тоқталды.
Сонымен қатар, шара барысында медиатор Р.Апахаева сөз алып, даулар санының төмендеуі, қоғамдық шиеленістердің азаюы, татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктерінің сотқа дейінгі дауларды шешудегі кеңею аясы туралы айтып өтті.
Шара соңында қатысушылардан сұрақтар қойылды. Сұрақтар қылмыстық тергеп-тексеру мәселелері, ұсақ-бұзақылық және тағы басқа тақырып аясында болды. Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып, әрі қарай шағым беру үшін қылмыстық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді. Әрбір қойылған сұраққа заңды түсіндіре отырып, толық жауаптар ұсынылды.
А.Рысқалиева
Жаңақала аудандық сот кеңсесінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]