Судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылады.
Жуалы аудандық сотында судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау бойынша «Семинар» өткізілді.
Соттың төрағасы Б.И.Мүлкібаев өз сөзінде Жолдауда көрсетілген халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамдық жаңғыртылуы, ашықтық, азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік органдардың тарапынан сапалы қарау, қазақстандықтардың қаупсіздігі, сот шешімдерінің сапасын арттыру, азаматтардың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде тең құқықпен қамтамасыз ету және т.б. атап өтті.
Ауыр қылмыстарға қатысты жазаны қатайту қажеттігі, сыбайлас жемқорлықпен жүйелік күрес жүргізу туралы айтылды.
Соттың төрағасы Жолдауда мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажеттігі көрсетілгенін атап өтті.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]