«Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар»

«Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар»

         Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

         Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай – ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізілді және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген Интернет – ресурстар; сот процесіне қатысушыларға СМС хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі, «Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі, «Істерді қарау тізімі» сервисі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сотқа шақыру қағазы» сервисі және азаматтар «QR code» арқылы соn қызметтеріне қол жеткізу іс – шаралары жүзеге асырылуда.

         Соттармен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін біріктіру жүргізілді, сондай – ақ, Республиканың барлық жергілікті соттары мен облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселері «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» құрамына кіргізілді. Сол себептен соттың хабарлаулары мен шақырулары жөнінде Мұғалжар аудандық сотының сот қызметкерлері Қандыағаш қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесінде «Соттың хабарламалары» тақырыбында семинар сабағын өткізді. Іс – шарада сот қызметкерлері соттарда электрондық технологиялар қолданысқа енгізілгеннен бастап, гибридті почта – электрондық құрылғыларды қолдану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почтасы жұмыс жасап жатқандығын, мекен-жайы бойынша почтаға жіберілгеннен кейін, почта қызметі алушыға тікелей уақытымен жеткізу қажет екенін айтып өтті. Сонымен қатар, соттағы сот хабарламалары мен шақырулары электронды гибридті почта (ГЭП) бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймай, уақытты да үнемдеп жатқандығын атап өтті. Семинар барысында қатысушылар қолданысқа енгізілген күнделікті шығыс құжаттарын жолдау – ГЭП (гибридті электрондық почта) арқылы туындайтын сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасты. 

         Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың бірі ретінде азаматтар «QR code» арқылы соn қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Мұғалжар аудандық сотында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаны жүзеге асыру және электронды төрелігін одан әрі дамыту мақсатында «QR code» қызметі іске қосылды. Енді азаматтар QR code арқылы соттың байланыс нөмірлерін, қылмыстық істер бойынша айыппұл төлеу реквизиттерді, қабылдау кестесін, мемлекеттік баждың деректемелерін, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі талап қою арыздарының үлгілерін, сот актілеріне шағымдану тәртібін білуге, «Сот кабинеті» сервисіне кіруге және басқа да қызметтерді пайдалануға  мүмкіндік алды. Ол үшін смартфон камерасының көмегімен пайдаланушыға штрих-кодты сканерлеу және экранда пайда болған сілтеме бойынша барлық қажетті ақпарат көрсетілетін сот парақшасына өту жеткілікті.

         Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

        

Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.