Рухани жаңғыру жолындағы қадам - Латын әліпбиіне көшу
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында 2025 жылға қарай елімізде мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды латын әліпбиіне көшіру көзделген. Латын әліпбиіне көшу қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктерін меңгеру, соған ілесу үшін қажет. Латын әліпбиіне көшу бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ – технологиялардың тілі және бұл түркітілдес халықтардың бірлігі жолындағы қадам болып табылады.
Осы уақытта түркітілдес халықтардың 55,5 пайызының әліпбиі – латын қарпінде, ал кирилл қарпін 17,7 пайызы ғана қолданады Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой – санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болып табылады. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде 1929 жылға дейін араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырда қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерген болатын. Оның бірі, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысы болды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін, яғни 13 қараша 1940 жылы кириллицаға ауыстырылды.
Ел ішінде, оның ішінде сот саласында да латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс – шаралар өткізілуде.
А.Шекенова
Мұғалжар аудандық сотының кеңсе бас маманы
[xfvalue_img]
20 пікір