Билер кеңесінің отырысы өтті
2019 жылғы 20-қыркүйекте Билер кеңесінің отырысы өтті.
Билер кеңесінің отырысына Билер кеңесінің мүшелері Б.Исатаев, А.Ермағанбет, Д.Ержан, Қ.Ниязов, Г.Аманғосова, Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Ж.С.Аятов, аудан әкімінің орынбасары Н.Нажмадинов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Б.Прмаганбетов, аудандық әкім аппаратының өкілі А.Манасбаева, «Жаңалық жаршысы» газетінің өкілі Э.Егізбай қатысты.
Сот төрағасы Ж.Аятов билер кеңесінің басты мақсаты - елдің бірлігін, татулығын сақтауға, соттан тыс дауларды шешуге бағытталуы тиіс екенін айтты.
Кеңесте Билер кеңесінің жұмыс жасау тәртібі талқыланды.
Іс шара соңында қатысушылар бірігіп елдің татулығын сақтауға бағытталған жұмыс жасауға келісімге келді.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотының
баспа-сөз қызметі
[xfvalue_img]
3 пікір