Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі мен оларды ұстау талқыланды
БҚО кәмелетке толмағандарды істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» пилотты жобасы аясында «Дауларды шешу, балаларды тәрбиелеуге байланысты» атты тақырыпта кәсіби медиаторлар мен психологтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында сот төрайымы С.Т.Кадралиева даулы қарым-қатынастарды бейбіт реттеудің маңыздылығын атап өтті.Тараптар арасында ең алдымен кәмелетке толмаған балалардың мүдделерімен материалдық мазмұнын,тәрбиелерін реттеп,қорғау керектігі айтылды.Медиаторлар Айжан Мұқанова мен Ербол Каболов тараптарды сотқа келтіру бойынша іс-әрекеттер алгоритімін және даулы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеу тәртібін түсіндірді.
Тараптардың кездесуі барысында ынтымақтастық туралы келісу шеңберінде психолог Айгүл Жалиева екі ата-ананың да балаларды,отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу , баларды күтіп бағу бойынша ата-аналардың екеуіне де жүктелгенін айтып өтті .Олар ажырасуға қарамастан,одан әрі бала өміріне бірдей қатысуға міндетті.
Бірлесіп өткізілген іс-шара оң нәтижесін берді.5 азаматтық іс бойынша дау медиация тәртібімен шешілді,атап өтетін болсақ алимент мөлшерін өзгерту мен балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық істері бойынша.
Дөңгелек үстел қатысушылары мәселелерді шешу жолдарын бірге іздеуге,кәмелетке толмаған бабалардың құқықтарын қорғауға және осындай кездесулерді жиі ұйымдастыруға туралы ойға келді.
Ж.Утегенова
Батыс Қазақстан облысыныңкәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]