Казталов ауданының № 2 аудандық сотында, құқық бұзушылықтарды талқылау және олардың алдын-алу жөнінде жиналыс өтті
Жиналыс жұмысына Жалпақтал полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы Д.Т. Искалиев, осы бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары және Жалпақтал аудандық ауруханасы директорының орынбасары С.С. Кадемов қатысты.
Өз сөзінде сот төрағасы А.С. Бижанов, ақтық жылдары кейбір маңызды заңнамалар қабылданғанын, олардың нәтижесі сотта қаралатын істердің санын едәуір азайтқанын атап өтті, соның ішінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша. Алайда егер ішкі істер органдарының, қоғамдық ұйымдардың, денсаулық сақтау ұйымдарының, басқалалырының сапалы бірігіп жұмыс атқарып, құқық бұзушылықтарды талқылап және олардың алдын-алу мәселесін дер кезінде назарда ұстаса, әрі қарай да сотта қаралатын істердің санын азайтуға мүмкіншілік барына тоқталды.
Сотқа түсіп қаралған әкімшілік істерді талқылаған кезде анық болғаны, яғни көпшілі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 73, 440, 434 баптары), ол әкімшілік жауапкершілікке бір адам бірнеше рет тартылатындығы, алкогольдік ішімдік ішкен күйінде құқық бұзушылықтар жасап.
Ал «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» ҚР Заңының 4 бабының талаптарына сай,
алкоголизмге шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеуге жiберудi ресiмдеудi аурудың туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, iшкi iстер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасымен медициналық қорытынды бар болған жағдайда мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Осы орайда сот төрағасы Жалпақтал полиция бөліміне, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктерді ішіп немесе қоғамдық орындарда масаң күйде келу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға қатысты ұсыныстарын аудандық ауруханаға жіберу мәселесін назарға алуларын жеткізді, яғни оларды алкоголизмнен ерiксiз емдеуге жiберу үшін. Өз кезегінде Жалпақтал аудандық ауруханасына, кейін заң шеңберінде, ұсыныстарын сотқа жолдау жөнінде ұсыныс жасады, оларды азаматтық сот өндірісінде қарау үшін.
Бұл шаралар біріншіден қоғамдағы «криминогендік» сапаны төмендетеді, екіншіден сотта қаралатын әкімшілік істердің санын әрі қарай азайтады.
Қорытындысында жиналысқа қатысушылар өздерінің пікірлерімен және талқыланған сұраққа қатысты көзқарастарымен бөлісті.
Казталов ауданының № 2 аудандық соты
[xfvalue_img]
21 пікір