«Учаске» жедел алдын - алу іс-шарасы
Елорда аумағында Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15 қыркүйек пен 10 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын –алу іс-шарасы өткізілуде.
«Учаске» жедел алдын – алу іс - шарасының мақсаты - учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтарды алдын- алу болып табылады.
Учаскелік полиция инспекторлары 15 қыркүйектен бастап өздерінің аумақтарындағы тұрып жатқан азаматтар туралы мәліметтерді алу және ІІО кезекші бөлімдері мен учаскелік полицейлердің байланыс деректері бар визитттік карталарды тарату үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізуде.
Нұр-Сұлтан қ. Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына жүргізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарап, құқықбұзушылықтарды анықтауда жәрдем көрсетулерін сұрайды.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]