Облыстық сотының апелляциялық сатысымен ақтау үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Облыстық сотының апелляциялық сатысымен ақтау үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтар Е., О., С.-тың апелляциялық шағымдарын қарады.

Сырым аудандық сотының 28.06.2019 жылғы үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және аса ірі көлемде қылмыстық топ жасаған ұрлық үшін азамат Е. қылмыстық топ құрғаны және ұрлық үшін, қылмыстық топпен аса ірі көлемде ұрлық жасағыны үшін   кінәлі деп танылып, ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігімен, 28-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 4-бөлігі 1,3-тармақтарымен 8 жылға бас бостандығынан айырылды; азамат О. қылмыстық топқа қатысқаны және ұрлығы үшін-ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 188-бабының 4-бөлігі 1,3-тармағымен  7 жылға бас бостандығынан айырылды; азамат С. қылмыстық топқа қатысқаны және ұрлығы үшін -ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігімен, 188-бабының 4-бөлігі 1,3-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 4 бөлігін қолданып,  5жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Істі апелляциялық сот алқасында қарау кезінде сот отырысына сотқа қатысушылар мен сотталғандардың туыстары және БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші сатыдағы сотпен анықталғандай және қылмыстық іс материалдарына сай қылмыстық топтың аталған мүшелерімен 2015-2018 жылдар аралығында  Қаратөбе ауданы аумағында 22 (жиырма екі) рет бөтеннің мүлкін, яғни жәбірленушілердің малдарын жасырын түрде жымқырып, нәтижесінде жәбірленушілерге 28 миллион тенгеден аса мүліктік шығын келтірілген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы шағым дәлелдемелерін зерделеп, сот үкімі заңды және негізді, ал бірінші сатыдағы соттың шешімі істің нақты мән-жайларына сәйкес, кінәларының дәлелденгендігі туралы тұжырымдары негізді  және дұрыс бағаланған деп таныды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 03.09.2019 жылғы қаулысымен Сырым аудандық сотының 28.06.2019жылғы үкімі өзгеріссіз қалдырылды, сотталушылардың және олардың адвокаттарының өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.