Сот жүйесдегі пилоттық жобаларының іске асырылуы
Сот жүйесіндегі реформалар үлкен қадаммен алға жылжуда, әсіресе айтатын болсақ пилоттық жобалар, яғни соттың азаматтарға қатысты ашықтығы бағытында мақсат етілген жұмыстар. Айта кететін болсақ негізгі мақсат соттағы атқарылып жатқан жұмыстарды азаматтардың алдында оңтайландыру, соттың жүктемесін төмендету, адамдардың құқықтарының заң жүзінде қорғалуы, сотқа дейінгі бітімгершілікті ұлғайту, ІТ-технологияларының кеңінен қолдану, сот процестерін тараптардың қатысуынсыз, тығыз уақыттарын сақтау мақсатында «Smart Сот» жобасын кеңінен іске асыру, осының барлығы келесіде анық көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша 7 басым бағытын ұсынды. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңға тарта ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.
Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Сапалы нәтиже», «Оңтайлы орта», «Сотсыз татуласу орталығы». Бұл жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті қоғамның сотқа деген сенімін арттыру.
«Е-сот» шеңберінде халық пен сот қызметкерлерінің ІТ қызметтерін жүз пайыз пайдалану. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер іске асырылуда.
«Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарымқатынасты орнату.
«Үлгілі сот» жобасының мақсаты 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесіне халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
Халық алдында судьяның жұмысының маңызы зор. Бұл ретте «Мінсіз судья» жобасы жүзеге асырылуда.
«Сотсыз татуласу орталығы». Бүгінде таңда барлық облыстардың қалалық, аудандық соттарында татуласу орталығы ашылып, онда азаматтарға медиаторлар, Билер, адвокаттар, нотариустар, психологтар және сот орындаушылары біріге көмек көрсету іске асырылуда, бұл жұмыстар азаматтардың игілігі үшін жасалуда.
Сот жүйесінде ауқымды пилоттық жобалардың бірі - «Отбасылық сот» жобасы. Алғашқы отбасылық соттар шетелде бұрыннан қалыптасқан. Біз осы пилоттық жобана «Отбасылық сот» Сингапур елінінің жүйесіне незіделіп жасаудамыз. Отбасылық сот жобасының мақсаты түрлі отбасылық дауларды оңтайлы жолмен шешу және отбасы құқығын сақтау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар пікірін ескерусіз қалдырмау. Отбасылық дауларға түрлі себептермен ажырасуға арыз берген тараптар өтінішін қарап, ажырасуға отбасында орын алатын түрлі жағдайларын ескеріп, азаматтарға тегін психологтың көмек көрсетілуде. Бұл бағыттағы негізі мақсат отбасын сақтап қалу.
Келесі жоба "Түнгі сот", аталған пилоттық жоба негізінен түнгі мезгілде іске асырылады, яғни кешкі мезгілде қаралған аудандық сотта қоғамдық орында масаң күйде балағат сөздер айтқандар, көлік оиғалары бойынша құқықбұзушылықтарына байланысты. Осыған орай күні бойғы жоспарды бұзып, жұмыстан сұранудың да, басы артық алаңдаудың да қажеті жоқ. Көрсеткіштер "Түнгі соттың" қазіргі жағдайда тиімді екенін және азаматтарға қолайлы уақытта қатыса алатынын көрсетіп отыр.
«7 түйін» жобасынан күтеріміз мол. Бұл реформалар әрине азаматтардың құқықтарының қорғалуы, уақыттарын үнемдеу, дауларды тез арада сотқа дейін шешу мақсатында атқарылып жатқан және мемлекет тарапынан бақылауда болып жатқан жұмыстар.
Болат Еркен
Жуалы аудандық сотының кеңсесінің жетекші маманы
[xfvalue_img]