Еңбек дауларының алдын алу
Медиация институтын дәріптеу, даудың соттан тыс шешілуінің ауқымын кеңейту мақсатында Батыс Қазақстан облысының Ветеринария басқармасында Орал қаласы №2 сотының ұйымдастырумен, Еңбек инспекциясы және облыстың кәсіподақ орталығымен бірге еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған іс-шара өткізді.Орал қаласының №2 сотының судьясы Нұргүл Нығметова еңбек ұжымдарындағы қақтығыстарды қысқартуға бағытталған «Еңбек дауларын және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды алдын алуды» пилоттық жобасын жүзеге асырылуына тоқталды.Сондай-ақ судья пилоттық жобаның мақсаты жеке даудың қаралуы және шешілуі соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен келісу комиссиясы тарапынан жүргізілетінін атап өтті.Облыстың Еңбек инспекциясының бас маманы Ерсаин Қадыров, Еңбек кодексінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары, ал шешілмеген мәселелер бойынша немесе келісім комиссиясының шешімі орындамағанда - заңды тұлғалардың шағын кәсіпорындары мен атқарушы органдарының басшыларынан басқа соттың қарастыратыны атап өтті. Сонымен қатар еңбек дауларының туындау себептері мен оларды шешу жолдарына, еңбек қатынастырының мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне тоқталды.Кездесудің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар еңбек дауларын шешуде өзара әрекеттесу қажеттілігі туралы, сондай-ақ бірқатар нақты тиімді шаралар әзірлеу туралы келісті.
О.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]