Цифрлы Қзақстан

Цифрлы Қзақстан

Заман ағымынан қалғы­­сы келмейтін әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, кең­жолақ­ты интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптар бойынша хабардар болуы тиіс.

Жас буын өкілі ретін­де, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін қуаныштымын. Себе­бі, бола­шағымыз технологиямен тікелей бай­ла­ныста. Біз тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамыған жағдайда, бас­қа да са­ла­ларға серпін бере­ аламыз. Бұдан басқа, IT бағ­дар­лама­лар шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге үлес қосады және адам­дардың бір-бірімен ақпарат, тауар және қызмет түрлерімен алмасуы жеңілдейтін болады.

Негізінен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы экономика саласын цифрландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге мақсат етеді.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар. Атап айтқанда:

  1. Ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.       
    2. Экономиканың салаларына (білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.  
    3. Мемлекеттік органдар жұмысының сапасын көтеру.       
    4. IT мамандарды даярлау.     
       Денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да цифрлы технология қол­даныс табуда. Бағдарламаны іске асыру мақ­са­тын­да мектептерде электрон­ды күн­делік енгізіл­мек. Соны­мен қатар, мұғалімдер де атқарған жұмыс­та­ры­ның есебін, жос­парларын қағаз түрінде емес, электронды үлгіде ұсына алады.
    Бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру болып табылады. Бүгінгі таңда «ақылды технологиялар» адамзат өмірінің барлық саласына қарқындап еніп, оның ажырамас бөлігіне айналуда.       
    Цифрлы экономиканың дамытуындағы ең маңызды секторлары ретінде медицинадағы жасанды интеллект, қашықтықтан білім беру, электронды сауда бағыттары болып табылады.
    Цифрлы экономика үшін алдымен халықтың техникалық сауаттылығын жоғарылату қажеттілігі туындайды. Себебі, цифрлы экономиканы дамыту үшін халықтың техникалық жағынан сауатты болуы өте маңызды. Бұл тұр­ғы­да осы салаға қатысты адамдардың дағ­дысын жетілдіру керек.      
    Жақын арада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы күнделікті өмірдегі барлық негізгі салаларға кеңінен тарайтындығына сенемін және зор үміт күтемін.

 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы А.К.Сагитжанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.