Тұрмыстық зорлыққа тыйым қажет

Тұрмыстық зорлыққа тыйым қажет

Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер тыйылмай келеді және ол бүкіл қоғамдық өмірдің күнделікті қалыпты бейнесіне айналғандай сынай танытады.

Отбасындағы тұрмыстық зомбылықтар өзекті әлеуметтік мәселе болып табылады. Оны жасағаны үшін жауаптылық  ӘҚБтК-нің 73-бабында көзделген.  Аталған баптың талабына сәйкес құқық бұзушымен отбасы - тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, - ондай азаматқа  ескерту, не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі жазалар қолданылады. Ал, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -  он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Статистикалық көрсеткішке сүйенсек, кейінгі кездері тұрмыстық жанжал толастамай отырғандығына көз жеткізуге болады. Ағымдағы жылдың алты айында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 467 іс қаралып, 159 әкімшілік іс тараптардың өзара бітімгершілікке келуін байланысты медиация тәртібімен өндірістен қысқартылды. 218 тұлғаға ескерту берілсе, 85 тұлғаға қамауға алу, 1 тұлғаға қатысты айыппұл салу түріндегі жазасы тағайындалған.

Деректерге сай отбасындағы зорлық-зомбылықтың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалған, егде адамдар мен балалардың зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлары да аз емес.

Көп жағдайда отбасындағы зорлық-зомбылықтың орын алуы азаматтардың отбасылық қарым-қатынасының төмендігі, әлеуметтік жағдайының аз қамтылуы, материалдық және психикалық зорлыққа тәуелділігі, спирттік ішімдіктер немесе есірткілік заттарға құмарлығы салдарынан туындап отырғандығы байқалады.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттердің өсуін тежеу үшін отбасылық институтты, оның ішінде заңнамалық деңгейде нығайтудың жаңа тетіктерін енгізу қажеттілігі назар аудартады.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бастамасымен отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтап қалу мақсатында құқық қорғау, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлескен іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы бес жақты меморандумға қол қойылды.

Аталған шара аясында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жою және болдырмау мақсатында кеңестер беру, тренингтер өткізу және  профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 158 іс бойынша татуласу келісімі орнатылды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастардан туындайтын құқық бұзушылық әрекеттердің алдын-алу шараларын күшейту және құқық бұзушылық субъектілеріне  жанжалдардың себептерін жоюға көмектесу, отбасыларға алғашқы тегін психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау және отбасылық өмірдің құндылықтарын насихаттау шараларын қабылдау, әлеуметтік құқықтық шараларға басымдық беру бүгінгі күннің жүзеге асырылуы тиіс кезек күттірмес мәселесі болып табылады.

 

        Қалампыр Жамелова

    Орал қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының бас маманы

                                                       

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.