Соттың хабарлаулары мен шақырулары
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова Қандыағаш қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесінде «Соттың хабарламалары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
Анар Шекенова соттарда электрондық технологиялар қолданысқа енгізілгеннен бастап, гибридті почта – электрондық құрылғыларды қолдану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почтасы жұмыс жасап жатқандығын, мекен-жайы бойынша почтаға жіберілгеннен кейін, почта қызметі алушыға тікелей уақытымен жеткізу қажет екенін айтып өтті. Сонымен қатар, соттағы сот хабарламалары мен шақырулары электронды гибридті почта (ГЭП) бюджет қаражатын үнемдеп қана қоймай, уақытты да үнемдеп жатқандығын атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар қолданысқа енгізілген күнделікті шығыс құжаттарын жолдау – ГЭП (гибридті электрондық почта) арқылы туындайтын сұрақтарды талқылап, өз пікірлерімен алмасты.
Г.Басыбаева
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]