ХАБАРЛАМА
Жоғарғы Сот Кеңесімен 2019 жылғы 8 сәуірде судьялардың бос орындарына конкурс жарияланды, құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылғы 8 мамырға дейін.
«Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға түзетулер қолданысқа енгізілуіне байланысты, судьялардың бос орындарына орналасуға конкурс жариялаудың және өткізудің жаңартылған тәртібі көрсетілген, оның ішінде кандидаттардың тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өз-ара іс-қимыл жөніндегі кеңеспен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын Жоғарғы Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімдері аяқталғанға дейін алуы қарастырылған.
Соттармен өз-ара іс-қимыл жөніндегі кеңес 2019 жылғы 26 сәуірде сағат 11.00 өтеді.
Қостанай облыстық сотының жалпы отырысы 2019 жылғы 26 сәуірде сағат 17.00 өтеді.
Тілек білдірушілер әр көрсетілген кандидатура бойынша өз ойларын, пікір, тілектерін және сын-ескертпелерін білдіру үшін, Қостанай облыстық сотының персоналдық басқарма бөліміне мына 99-00-78 телефон арқылы хабарласа алады.
Қостанай облыстық сотының жалпы отырысы және Соттармен өз-ара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2019 жылғы 26 сәуірдегі отырысында қаралатын адамдардың
ТІЗІМІ
- Абдыгали Алтай Абдыгалиұлы – Федоров аудандық сотының төрағасы
- Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы – Қостанай аудандық сотының судьясы
- Тукенов Сұлтан Саулетұлы – Қостанай аудандық сотының судьясы
- Адам Мұрат Адамұлы – 08.10.1982 жылы туған, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі 57 Б үй, 36 пәтер
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]