Мұғалжар аудандық білім бөлімінде түсіндіру жұмыстары өткізілді
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы О.Кулбатырова Мұғалжар аудандық білім бөлімінде кездесу өткізді.
Бас маман – сот отырысының хатшысы О.Кулбатырова баяндамасында 2019 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүктемесін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Заңына тоқталды. Соттарда бұйрық арқылы іс жүргізудің 18-талаптың 9-ы нотариатқа, оңайлатылған тәртіппен іс жүргізудің 12-категориясының 10-ы бұйрықтық іс жүргізуге берілгенін айта кетті. Яғни, даусыз талаптар бойынша нотариустардың атқарушылық жазбалары арқылы қарыздарды өндіру мәселесін және бұйрықтық іс жүргізу арқылы шешуге мүмкіндік беріліп, бұл жағдай халық үшін уақыт және қаржылық жағынан ұтымды екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, өңірімізде тегін көмек беретін кәсібі емес медиаторлар, татуласу бұрышы, билер кеңесі жұмыс істеп жүргеніне назар аударды. Олардың мақсаты-дауды сотқа дейін шешіп, нәтижесінде жақсы қарым-қатынас сақтау дауды азайту және мәдениетімізді жоғарылату.
Кездесу соңында, қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін білдірді.
Г.Басыбаева
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]