Заңнамалық актілерге өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мұғалжар аудандық сотында судья жеке сот орындаушылардың қатысуымен кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңның жекелеген ережелерін тәжірибеде жүзеге асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Судья Жамиев А.Ш. өз баяндамасында 2019 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі жаңашылдықтарын 8 бөлік бойынша айтып өтті.
Қазіргі таңда, 2019 жылдың 24 сәуірінде сот жүктемесін оңтайландыру туралы заң күшіне еніп, соттар сот орындаушыларының банктік операциялар бойынша қаулыларын санкциялау міндетінен босатылды. Сонымен бірге, судьялар шетелге шығуды шектеу және сот орындаушысына келуден жалтарып жүргендерді сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулыларды санкциялауды жалғастыруда.
Шара соңында қатысушылар пікірлерін ортаға салып, Заңның әрі қарай жүзеге асырылу мәселелерін талқылады.
А.Шекенова
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
[xfvalue_img]