ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні «Егемен Қазақстан» газетінің №14(29493)басылымында«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы ресми түрде жарияланды.

Аталған Заңымен Қазақстан Республикасының 11 Кодексі мен 32 заңына көптеген өзгерістер еңгізілді.

Еңгізілген заңнамалық өзгерістермен бұрын сот органдарымен қаралатын азаматтық істер мен материалдар енді басқа тұлғалармен қаралатын болады.

Күні бүгінге дейін сот орындаушылардың санкиялауға жататын 18 атқарушылық әрекеттердің екеуі ғана соттың құзырында қалады. Олар: "Борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шетелге шығуына уақытша шектеу қою" және "Келуден жалтарған борышкерлерді күштеп келтіру" атқарушылық әрекеттері.

"Борышкерлердің банк шоттарына тыйым салу" және "Банк құпиясын құрайтын ақпаратты талап ету" атқарушылық әрекеттерін санкциялау – прокуратура органдарынның өкілеттігіне беріледі.

Ал, борышкерлердің мүлкіне тыйым салу енді санкцияланбайды, яғни бұл әрекетті сот орындаушылар (соның ішінде жеке сот орындаушылар) санкциясыз жүзеге асыра береді.

Сонымен қатар, осы күнге дейін сотпен шығарылып келген 9түр бұйрықтар бойынша енді нотариустар атқарушылық жазба жазып береді.

Егер іс бойынша талап нотариустармен шығарылатын атқарушылық жазба бойынша өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік болса, сот арызды талапкерге кері қайтаруы мүмкін. Ал, егер де талапкер дауласу ниетінен қайтпаса, сот оған іс бойынша процестік шығыстарды жүктеуге құқылы.

Дауларды соттан тыс шешудің жаңа тәртібі тараптардың уақытын және материалдық шығындарын үнемдейді. Өйткені, сот бұйрығын шығару үшін азаматтар мемлекеттік баж ретінде өндірілетін соманың 0,5 процентін төлеу тиіс еді, ал енді атқарушылық жазбаны жасағаны үшін олар өндірілетін соманың 0,2 процентін ғана төлейді, бірақ ол сома 0,5-тен төмен және 50 АЕК-тен жоғары болмауы тиіс. Заңды тұлғалар болса – сот бұйрығын шығару үшін мемлекеттік баж ретінде өндірілетін соманың 1,5 процентін төлеу тиіс еді, ал енді атқарушылық жазбаны жасағаны үшін – өндірілетін соманың 1 проценті, бірақ ол сома 1-ден төмен және 100 АЕК-тен жоғары болмауы тиіс.

Бұл – сотқа барғаннан тиімді, себебі нотариустар көп жағдайда азаматтарға жақынырақ, сондай-ақ өндіріп алушылардың сот шығындары мен қаржылық шығындары азаяды.Ал, атқарушылық жазбаны жасағаны үшін нотариусқа төленуге тиісті сома бұрынғыдай борышкерден негізгі қарызымен бірге өндірілуіге жатады.Егер олар ескерпе түрінде болса, пошта қызметі де өндіріледі.

Нотариустың атқарушылық жазбасы қарыздарды өндіріп алу рәсімін жеңілдетіп, артық шығындардан босатып қана қоймай,адамдарды ауыртпалықтар мен әуреден құтқарады, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетігін оңайлатады.

Соттан тыс қарыздарды қайтару рәсімі уақыт жағынан да, қаржылық шығын бойынша да тартымды етеді, сондықтан ол кредиторлар үшін сұраныста болады деп күтілуде.

Бұл жаңалықтардың азаматтардың меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған. Еңгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын тиімді әрі заманауи әдістермен қорғау.

Және де қарыздарды өндіріп алу үшін азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустарға жүгінуі артқан сайын, сот ауыртпалықтары да қысқарады. 

Аталған заңнамалық жаңалықтар сотқа арыздардың түсуін едәуір азайтады, яғни сот жұмысын оңтайландырады және де барынша даулы және күрделі істерге баса көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Осы өзгерістер ағымдағы жылдың 24 сәуір күні күшіне енеді.

Сондықтан, барлық талапкерлерді өз алашақтарын өндіру мәселесін нотариустардың қызметіне жүгініп шешу арқылы аталған заңнамалық өзгерістерді жедел іске асыруға шақырамын.

 

Амангелді аудандық сотының төрағасы

Байкин Теміржан Сапабекұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.