Орал қаласы №2 сотының судьялары арасында мемлекеттік тіл бойынша семинар-кеңес өтті
Орал қаласының №2 сотында«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» атты атаумен сот судьяларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар барысында сотқа талап қою кезінде мемлекеттік тілді қолдануын кеңейту, сот актілерін дайындау барысында грамматикалық қателерге жол бермеу және басқа да мәселелер талқыланды.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс немесе басқа тілдер де қолданылады.
Орал қаласы №2 сотының судьялары А.Баймахан мен А.Кұспановтың айтуынша, сотқа арыз берген азаматтардың өтініштері мен талап арыздары орыс тілінде жиі кездеседі. Соттың 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есебіне сәйкес келіп түскен арыздардың жалпы саны 7,311 құрады, оның ішінде қазақ тілінде - 598 (8%).
Талқылау форматында өткен семинарға қатысушылар мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілдің мәртебесін кеңейту мәселесі бойынша пікір алмасты.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]