БҚО Адвокаттарының қылмыстық іс-жүргізудегі сайыскерлік мәселелері
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Нурлан Губашев Батыс Қазақстан облысының Адвокаттар алқасы ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына қатысты.
Адвокаттық қоғамдастық сотының төрағасы келтірген статистикалық деректер, оған сәйкес 2018 жылы қылмыстық қудалау органдарының тергеу судьясына 65азамат жүгінген, оның ішінде 38 шағым берушінің өтініштері кері қайтарылды. Сот шешім шығарғанға дейін жол берілген құқық бұзушылықтарды жою жүзеге асырылады. Сондай-ақ 27шағым қаралды, оның ішінде 12,(44%) қанағаттандырылды, оның 15-і қанағаттандырылусыз қалдырылды. Ағымдағы жылдың 4 ай аралығында 33 шағым келіп түсті, оның 15-і кері қайтарылды, 7 шағым қанағаттандырылды, қалған 10 қанағаттандырусыз қалдырылды.
Орташа есеппен әрбір екінші шағым өз растауын тауып отыр. Сот Азаматтардың Конститутциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмеуін құқық қорғау органдарына міндеттейді. Адвокаттардың қылмыстық процестегі ұстанымының өсуі байқалды.
Қорғаушылардың назарына ҚІЖК-нің 55-бабында көрсетілгендей қылмыстық іске қосу туралы мәселені мәліметтер және құжаттар қылмыстық іс үшін маңызы бар сараптама не өзге де тергеу әрекеттері, егерде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартылса.
Нурлан Губашев өз баяндамасының соңында қорғаушыларды қылмыстық процессуалды іс-жүргізу заңында бекітілген құқықтарды толық пайдалануға шақырды.
Өз кезегінде облыс адвокаттары өздерінде туындаған өзекті сұрақтарға жауап алды, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын сотта қорғалуына қатысты оң өзгерістерді атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында тиісті ұсыныстар жасалды.
Губашев Н.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы
[xfvalue_img]