Жаңа технология істердің қаралуын тездетеді

Жаңа технология істердің қаралуын тездетеді

Қоғамдағы  заманауи өзгерістерге сәйкесті сот жүйесінің қызметіне де жаңа ақпараттық технилогияларды енгізудің қажеттілігі туындады. Тіпті жаңа технологияларды қолдану аясы көбейіп,сервистер және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп жатыр. Құжаттармен қоса, істерде біртіндеп электронды түрде қабылданып қаралуда.

Электрондық құжат айналымы жүйесінің пайда болуы және қарқынды дамуы мемлекеттік функцияларды басқару ісіндегі табысқа жету шарттарының  бірі болып отыр. Ол өз кезегінде сот  ісін жүргізуді жеңілдетіп, істердің қаралуын тездетеді.

Электронды құжат айналымы жүйесін өндіру ісі бірінші кезекте құжаттарды тіркеу және олардың орындалуын бақылау процестерін автоматтандыруды, кәсіпорын бөлімшелері арасындағы ішкі қатынас қағаздарын азайтуды, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қарау мерзімдерін қысқартуды, азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен хаттармен өтініштердің орындалуын бақылау жұмыстарын жақсартуды, құжаттар бойынша ақпараттық талдау жұмыстарының сапасын арттыруды қамтиды. Бұл жүйе басшылық тапсырмаларының орындалу барысын жедел түрде тексеруге, кемшліктердің алдын алуға, туындаған проблемаларды дерек базасын пайдалана отырып, дер кезінде айқындауға  және талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар  ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді есепке алу мен іздестіру  жеңілденетіні іс жүзінде  дәлелденіп отыр.

Озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот отырысының хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігін арттырады және жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік көрсетеді.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған, сондай-ақ қағазбастылықтан арылып, құқықтық қоғамның барлық мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына соттардың қызметі туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беруде.

 

Жакупова Н.

Жаңақала аудандық сотының жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив