Медиативтік келісім жасау мәселелері бойынша семинар сабағы өткізілді
Мұғалжар аудандық сотының төрағасы Абитхан Анарбаев аудандық сот судьялары арасында семинар сабағын өткізді.
Іс-шара барысында сот процесіне қатысушылармен медиативтік келісімдерін жасаудан туындайтын проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.
Семинарға қатысушылар туындаған мәселелер бойынша пікір алмасты, істі сот талқылауына дайындау кезінде медиатордың қатысуының оң тәжірибесін атап өтті, азаматтық дауларды қарау кезінде медиатордың қатысуы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.
Іс-шараны қорытындылай келе, төраға Абитхан Анарбаев дау тараптарымен дауларды сотқа дейін реттеудің маңыздылығын атап өтті
Мұғалжар аудандық соты Ақтөбе облысы
[xfvalue_img]