Істерді қараудың тәртібі ыңғайлы, тез және тараптардың татуласуына бағытталуы тиіс

Істерді қараудың тәртібі ыңғайлы, тез және тараптардың татуласуына бағытталуы тиіс

Батыс Қазақстан облысының соттарымен медиация институтын дамыту және дауларды соттан тыс шешу бойынша белсенді жұмыстар атқарылып келеді. Өмірдің түрлі салаларында татуластыру рәсімдерін енгізу, бірінші кезекте, жанжалды жағдайлардың төмендеуіне әкеледі және соттағы даулар санын азайтады.2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс соттарымен 3109 азаматтық іс тоқтатылды, тараптардың татуласуы мен келісімдерге қол қою арқылы 1733 істі немесе тоқтатылған істердің 56%, соның ішінде 220 бітімгершілік, 1479 медиация және 34 партисипативтік келісім.

Істердің басым бөлігі Орал қаласының №2 сотына түседі. Бітімгерлік рәсімдерін жетілдіру және дауды алдын-ала шешуге тараптарды ынталандыру үшін, өткен жылдың мамыр айынан бастап, сотта салыстырып татуласу кабинеті жұмыс істейді. Сот бұйрығымен медиация рәсімдерін жасауға арналған сертификаттары бар және кәсіби деңгейде татуласу мүмкіндігін түсіндіретін екі татуластырушы судья тағайындалды. Осылайша, 2018 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында татуластырушы судьяларға 1115 іс келіп түсті, оның 389 тараптар өзара тиімді шарттар қабылдау туралы келісімдер жасасуына байланысты тоқтатылды.

Келіспеушіліктердің бейбіт жолмен шешілуіне ықпал ету нәтижесінде істердің 35% татуласумен аяқталды, 29 іс бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келсе, банктік қарыздар мен заңсыз комиссиялар туралы барлық жағдайларды жасалды, 359 іс бойынша медиация туралы келісім мақұлданды, көпшілігі некені бұзу /133/, мәміле шартын жасасу, өзгерту, тоқтату және келісімшарттық міндеттемелерді орындау /97/, алимент өндіру /40/,  қарызды  өндіру /43/, залалдарды өндіру /25/, мүліктерді бөлу /8/ және т.б. 1 іс бойынша дау партисипативтік келісімге келу тәртібімен реттелді. Келісімдердің көпшілігі сот өндірісін қарауға қабылданғанға дейін шешілді.

Жалпы кабинеттің қызметі сот жұмысына оң әсерін тигізетінін айта кеткен жөн. Өйткені, сотқа келген тараптар эмоционалдық күйзеліс жағдайында болады, ал судьялардың олардың мәселелеріне көңіл бөлуі мен олардың мүдделері мен өтініштерін білдіруге тең мүмкіндік жасалуы сотқа деген сенімді арттырады, өздерін қауіпсіз сезіндіріп, ой елегінен өткізген шешімдер  қабылдауға жәрдемдеседі.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.