Сыбайластықтың төмендемеуі елге сын

Сыбайластықтың төмендемеуі елге сын

Мұндай жағдаймен бетпе-бет келгенде ең алдымен ұсыныс білдіруші елдің құқықтық жағдайына, сыбайлас жемқорлықтан таза екеніне мән берілері даусыз. Міне сондықтан да, халықаралық байланыс жасап, кәсібін өркендеткісі келгендер «Transparency International» деген атпен танымал зерттеу институтының көмегіне жүгінеді.

Дүниежүзіндегі мемлекеттердің қолжетімді статистикалық деректері мен арнайы сауалнама нәтижелеріне сүйеніп дайындалатын бұл рейтинг елдегі сыбайлас жемқорлық көрінісінен толық мәлімет береді. Жалпы, кез келген ел құзырлы орындарының келеңсіз статистикасын көлегейлеп ұстағысы келетіні, кемшілікті көрсетпеуге тырысатыны белгілі.  Алайда, билікпен бетпе-бет жұмыс істейтін кәсіпкерлер өзіне қандай жағдайда кедергі жасалғанын, ісін ілгерілетуге ненің мүмкіндік бермей тұрғанын жасырып қалмайды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қатысты зерттеу жүргізіп жүрген ғалым, мамандарда шынайы деректі қалыптастыруға мүдделі. Біздің еліміз де аталмыш рейтингтің зерттеулеріне қатысып жүрген 200-ге тарта мемлекеттің бірі. Жаhандық рейтингтегі алған орнымыз да жаман емес. Ең бастысы, жемқорлықпен күрестегі жігерлі істеріміз бағаланбай, еленбей қалып жатқан жоқ.

Соның ішінде, біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді заңды дер кезінде қабылдауымыз жоғары бағалануда. Мұның өзі Қазақстанда құқықтық мемлекет құруға, кез келген мәселені заңға сүйене отырып шешуге ынтаның барын білдіреді. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң болып өзгеруі мемлекеттің ізгілендіру саясатына ден қойғанның әлдеқайда тиімді екеніне қоғамның көзін жеткізді. Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде жемқорлыққа қарсы қаншама мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық құжаттар қабылданды. Соның негізінде кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасалды. Өйткені, елдің дамуы осы отандық кәсіпкерлердің қолында. Отандық өндірісті өркендетпей алға ұмтылу мүмкін емес. Жемқорлыққа қатысты рейтингте кәсіпкерлер пікіріне мән берілетіні сондықтан. Олардың ұсыныс, тілегінің негізінде Қазақстанда қаншама жоба қолға алынды. Кәсіпкерлерді заңсыз тексеруге жол берілмеуі, жұмысын бастаған кәсіпкерлердің салықтан босатылуы, бизнесті ілгерілетсем деушілерге арнайы жеңілдетілген несиенің берілуі елдегі оң істердің бір парасы. Мұндай қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын табары анық. Тек біз осы қолдауды теріс пайдаланбай, мақсатты жандардың кедергісіз жұмыс істеуіне қолдан келгенше көмектесуіміз қажет. Ал мұндай кезде сыбайлас жемқорлықпен күресті бір сәт те ештен шығармағанымыз жөн.   

 

Ақтөбе облысы  

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы Н.Аманжолов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив