СУДЬЯҒА АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ
Астана қалалық соты төрағасының атына Б.К. Утеуовтан хат келіп түсті. Хатта ол өзінің қойған талабы бойынша азаматтық істі мұқият, жан-жақтылы әрі объективті қарағаны үшін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Қымбат Алпысбаеваға алғысын білдірді.
Ол мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін заңсыз деп тану және бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген болатын.
Сот шешімімен «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» ММ-нің жер учаскесі бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуден бас тартуы, сондай-ақ кадастр құнын анықтау актісін ұсыну міндетін жүктеу жөніндегі іс-әрекеті заңсыз деп танылды.
Сот жауапкерге жол берілген заң бұзушылықты толық көлемінде жоюды және Б.К. Утеуовтың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді міндеттеді.
Хат иесі атап көрсеткеніндей, соттардың істерді қарауының осындай нәтижелері әділдікке деген сенімді нығайтады, әрі Қазақстан Республикасы сот жүйесінің беделін арттырады және сот төрелігін жүзеге асыруда лайықты үлгі болып табылады.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
10 пікір