Аудандық сотта «SMART сот» пилоттық жобасы белсенді іске асырылуда
«SMART сот» пилоттық жобасы азаматтарға «TrueСonf» қосымшасымен әлемнің кез-келген бұрышынан сот отырысына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл үшін қосымшаны смартфонға жүктеу жеткілікті. Сот отырысының хатшысы логин және құпия сөз бергеннен кейін, сотқа қатысушы бағдарламаға кіріп, ұялы бейне-конференцбайланыс жазбасын растауға сұранысты қабылдайды.
Мұғалжар аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық істі қарау кезінде сотқа қатысушы жұмыс бабымен Атырау облысы Теңгіз ауылында болып, өз пікірін бейнебайланыс арқылы жеке қатысусыз білдірді.
Істерді қараған кезде бейнеконференцбайланысты қолданудың бірқатар артықшылықтары бар: жоба тараптарға сотқа келу үшін кететін уақытын, қаржысын жұмсамай-ақ сот процесіне толыққанды қатысуға мүмкіндік береді. Сот процесінің қатысушылары электрондық сот ісін жүргізуге қатысты өздерінің тек оң пікірлерін айтты.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]