Аудио-бейнежазба жүйесіндегі жаңа функционалдар
Мұғалжар аудандық сотында мамандар арасында «аудио-бейнежазба жүйесінде жаңа функционалдарды іс жүзіндегі өзгертулер және жаңа функционалдарды қолдану» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.
Бас маман – сот отырысының хатшысы Г.Шутеева өз баяндамасында қатысушыларға сот отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолданылу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, сот отырысы хаттамасын қалыптастыру формасы өзгергенін, онда «қатысушының түрі», «болмағандар», «сөз сөйледі» және «отырысты кейінге қалдыру себебі» сияқты мәліметтер қосылғаны атап өтілді.
Г.Шутеева қатысушылардың назарын сот отырысының барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолдану ережелерін қатаң сақтауға, сондай - ақ процеске қатысушылармен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы аудио-бейнежазба көшірмелерін алу тәртібі мен мүмкіндіктеріне аударды.
Семинар соңыңда мамандар өз ой-пікірлерімен алмасты.
Мұғалжар аудандық соты
[xfvalue_img]