Жаңа заң сот жүктемелерін оңтайландырды

Жаңа заң сот жүктемелерін оңтайландырды

Алдыңғы қатарлы отыздыққа ұмтылған жас мемлекетіміздің даму стратегиясын жүзеге асыруда Мемлекет басшысы сот билігінің алдына бірқатар тапсырмалар қойған еді. Оның ең бастысы – халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру. Осы мақсатта, бүгінде соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормалары жүйелі түрде заманауи талапқа сәйкес жетілдірілуде.

Мәселен, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында сот жүйесіне қатысты ауқымды өзгерістерді қамтитын заң қабылданды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңның мәтіні 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде ресми түрде жарияланып, 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар халық үшін ыңғайлы және тиімді болмақ.

Айта кету керек, қабылданған заң Мемлекет басшысының сот төрелігінің сапасын арттыру туралы тапсырмасының және «Ұлт жоспары» шеңберінде соттарды реформалаудың практикалық жалғасы болып табылады. Заң бойынша жұмыстар өткен 2018 жыл бойы «Сот төрелігінің 7 түйіні» жобасының аясында жүргізілді.

Соттардың жоғары жүктемесі туралы және оның сот төрелегінің сапасына тікелей әсер ететіні бәріне мәлім. Мәселен, 2018 жылы соттардың жүктемесі 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Қаралған 4,5 млн істер мен материалдардың ішінде 3 миллионы тек сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау туралы материалдар, 231 мың сот бұйрығы болған. Демек, олардың көбі дауларды қамтымайтын талаптар. 

Осыған орай, заң шеңберінде 42 заңнамалық актіге, соның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізілді. Жалпы, заң сот жүктемесін оңтайландыру аясында өзгерген, онда соттардан дауларды қамтымайтын істерді шығаратын бірқатар нормалар енгізілген. Бастысы дауларды шешуде жаңа құқықтық құралдардың пайда болуын атап өткен жөн.  

Мысалға, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің  тек екі санаты ғана қалды. Қалғаны бұйрық арқылы іс жүргізу өндірісіне өтті. Бұйрық арқылы іс жүргізу талаптарының жартысын (18-ден 9-ы) нотариустарға берілді. Яғни, биылдан бастап меншік құқығын қорғауға қатысты азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін нотариустар қарастыратын болады.

Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мәселен, еңбек ақысын өндіріп алу, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу және т.б. Аталған санаттағы істер соттардың 20 пайыз жүктемесін құрайды.

Айта кетерлігі, бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

Бұл жаңашылдық мәжбірлеп орындау рәсімін едәуір жеңілдетеді. Оның мәні - борышкер тиісті азаматтық құқықтық қатынастан туындайтын талаптар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда өндіріп алушы өзінің талаптарын негіздейтің құжаттарды ұсына отырып, атқарушылық жазба жасау үшін нотариустерге жүгінуге құқылы.

Жалпы, атқарушылық жазба даусыз сипаттағы талаптардың тез және тиімді шешілуін қамтамасыз етуге қабілетті, маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады.

Осының нәтижесінде азаматтардың сотқа жүгіну қажеттілігі азайып, оларға өздерінің талаптарын нотариустарда жедел түрде шешуге және қаражаты мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік ашылды.

Азаматтардың нотариустарға жүгінулерін ыңталандыру мақсатында Азаматтық процестік кодексте қосымша тетіктер қарастырылған.      

Мысалы, талап бойынша өндіріп алуды нотариаттық жазба бойынша жүргізуге болатыны анықталса, судья іс бойынша талап арызды қайтара алады. Ал, егер талапкер аталған негіздерге қарамастан дауды сотта қарауын талап етсе, судьяның талапкерге іс бойынша сот шығындарын жүктеуге құқығы туындайды. 

Атқарушылық жазбаны жасағаны үшін төлем де қайта қаралды. Атап айтқанда, ҚР «Нотариат туралы» Занының 30-1 бабы 1-тармағының 22-1) тармақшасында қарастырылған 1 АЕК мөлшерінде ақы төлеу орнына, жеке тұлғалар үшін сараланған төлем – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес төлем ақы енгізілді.

Заңды тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес болуы шарт.

Атқарушылық жазбасында атқару парағының күші бар және ол бойынша өндіріп алу атқарушылық өндіріс туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Атқарушылық жазба арқылы өндіріп алу тәсілінің артықшылығы:

  • ақшалай қаражаттардың үнемділігі. Нотариуспен атқарушылық жазбасын жасау үшін нотариаттық тариф сот шығындарынан әлдеқайда аз;
  • сот бұйрығын ұсынуға қарағанда, нотариуспен орындау жазбасын жасау үшін борышкердің келісімі қажет емес;
  • сотта істің қаралуымен салыстырғанда, нотариаттық әрекеттің жасау мерзімінің қысқа болуы.

Осылайша, нотариустың атқарушылық жазбасы нотариаттық әрекеттің жаңа түрі ретінде, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әрекеттердің тәртібін қысқартады.

Сонымен қатар, жаңа заңмен сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау тәсілдері өзгерді. Бұрың сот орындаушысының қаулысына санкция беруді тек сот жүзеге асырған болса, енді сот немесе прокурор санкция береді. Материалдарды қарау мерзімі 1 күннен 3 жұмыс күніне дейін ұзартылды.       

Қазір сот азаматтардың еркін жүріп-тұру конституциялық құқығын шектейтін мәселелерді шешкен кезде ғана санкциялар беретін болды. Яғни, сот орындаушыларының әрекетіне берілген 18 санкцияның ішінен сотта екеуі ғана қалады, олар «борышкерді мәжбүрлеп әкелу» жəне «Қазақстан Республикасынан шығуын шектеу» санкциялары.

Ал, банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураның құзыретіне берілді.

Аталған заң нормалары санкциялар беру бойынша сот жүктемесін 10 есеге азайтуы керек.

Жалпы алғанда, жаңадан енгізілген толықтырулар заңның жедел әрі сапалы орындалуына бағытталғанын көруге болады.

Бұл ауқымды өзгерістер сот төрелігін тағы бір сапалық белеске көтеріп, тәуелсіз ел азаматтарының құқықтық әлеуетін жақсартып, әл-аухатының арта түсуіне жағдай жасайтынына сенім білдіреміз.

 

ҚР Әскери сотының

азаматтық істер жөніндегі

сот алқасының төрағасы                                                        

Е.Ахметжанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.