Сот кабинеті – сот жүйесінде ақпараттық технологиялардың дамуының көрсеткіші ретінде

Сот кабинеті – сот жүйесінде ақпараттық технологиялардың дамуының көрсеткіші ретінде

 

Сот жүйесінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану сот әділдігінің тиімділігі мен қолжетімділігін, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, халықтың сотқа деген сенімділігін ңығайтатыны анық.

Елімізде сот жүйесіндегі жаңа қадамдар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасының негізінде жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде сот төрелігін жүзеге асыруды жеделдететін, сот қызметін ашық және қолжетімді етуге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық технологияларды енгізу міндеті қойылған болатын. Оның орындалуының бір көрсеткіші - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Сот кабинеті» электрондық сервисі.

Сот кабинеті – бұл сот органдарының онлайн қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген электрондық ақпараттық сервис. Бұл сервистің көмегімен істерді қарау ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады. Осы сервистің басты артықшылығы -  жеке немесе заңды тұлғалар, олардың өкілдері өздеріне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан интернет желісі арқылы талап қою арыздарын, оған қоса тіркелетін құжаттарды, өтініштерді, арыздарды, апелляциялық немесе кассациялық шағымдарды, қарсылықтарды жолдап, мемлекеттік баж алымдарын төлей алады. Сонымен қатар, іс материалдарымен, сот отырысының хаттамасымен, дыбыс-бейне жазбамен онлайн режимде танысып, істің қозғалысын қадағалап, сот актілерінің көшірмелерін алу мүмкіндіктеріне ие болады.

Аталған сервисті пайдалану үшін сотқа жүгінген тұлға Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алып, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы тіркелуі қажет.

Сот кабинетіне тіркелген тұлға электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. Сот кабинетіне авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның өкілдері арыз немесе өтініш берген кезде авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

Жеке немесе заңды тұлғалар, олардың өкілдерінің интернет желісіне мүмкіндігі болмаған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Сот кабинеті» бұрыштарын пайдаланып, арнайы жауапты мамандардың көмегімен сервистің қызметін пайдалана алады.

Құқықтық мемлекетте даулар негізінен сот арқылы ғана шешілетінін ескерсек, әділдік іздегендердің арызы сотқа тезірек жетіп шешілуінде бұл сервистің рөлі зор екені даусыз.

Сотқа құжаттарды электрондық түрде беру және мемлекеттік баждарды электронды төлеу азаматтардың уақытын елеулі түрде үнемдеп, артық жұмыстарын азайтады, себебі электрондық қызметтерге 5 минуттай ғана уақыт жұмсалады, бұл адамдардың сот кеңсесіне барып, кезегін күтіп, жолына және құжаттарға жұмсалған қаражатына қарағанда неғұрлым тиімді екені анық.

2014 жылы Сот кабинеті енгізілгеннен бастап, оның тиімділігіне байланысты қоғам тарапынан пайдаланушылардың саны артып келе жатқанын көруге болады.

Қорытындылай келе, Сот кабинеті сервисі - сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтірудің негізгі кілті деп айтуға болады.

  

Ә.Шайхисламов

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.