Оралда сотталушыны оның әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады
Теректі аудандық соты Қылмыстық Кодекстің 389 бабы 1 бөлігімен электрондық қылмыстық іс қарап, сотталушы Х-ны оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады.
Аталған тұлға қолма-қол зейнетақы және жәрдемақы сомаларын тұрғындарға беру бойынша өз функционалдық міндеттерін атқару барысында, танысы Т-ға бұрын қарызға берген 5000 теңге мөлшеріндегі өзіне тиесілі ақша сомасын қайтару мақсатында, соңғының 10000 теңге мөлшерінде ақшасын заңсыз иемденген.
Х-ның әрекеттерін ҚК-нің 389 бабы 1 бөлігімен аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық ретінде дұрыс емес саралануы, ал істің нақты жағдаяттарына сәйкес сотталушы әрекеттерін өзінің еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмағаныны Х-ны ақтауға негіз болды. Сөйтіп, сотталушының әрекетінде аяқталған қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы емес, өзінше билік ету қылмысына оқталу белгісі болған.
ҚК-нің 24 бабы 4 бөлігіне сай, қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа қылмысқа, ауыр немесе аса ауыр қылмысқа оқталғаны үшін, сондай-ақ, террористік қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайтынын ескере отырып, сот Х-ны кінәсіз деп танып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақтады.
Ақталған Х-ның қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз әрекетерімен келтірілген зиянды өтеу құқығы танылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Э.Есенгалиева.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
[xfvalue_img]