Виртуалды соттың артықшылығы көп  SMART  СОТ бағдарламасы- азаматтарды әбігерге салмай, олардың  уақытын, қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа жоба!!!

Виртуалды соттың артықшылығы көп SMART СОТ бағдарламасы- азаматтарды әбігерге салмай, олардың уақытын, қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа жоба!!!

 

Жақында Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Қазманұлы  мырзаның  бастамасымен «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды. Солардың бірі  –  SMART  СОТ бағдарламасы. 

Жаңаөзен қалалық сотында азаматтық іс бойынша «SMART сот» пилоттық жобасының аясында бейнебайланыс арқылы  істерді қарауды ұйымдастыруда. Заман талабына сай цифрландыру жұмыстары сот саласында жақсы жүргізіліп келеді. Сот жүйесінің жеті түйіннен тұратын бағдарламасында цифрландыру мәселесі негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрсетілген.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы С. жауапкер «Самғау-Жаңаөзен» ЖШС-нан еңбекақысын өндіру туралы  талап арызбен сотқа жүгінген.

 Талапкер   С. Астана қаласында тұратындығына байланысты  мобильді қосымша арқылы  сот отырысына қатысу мүмкіндігін алды. Еңбек келісім шарты бойынша  атқарушы директор қызметіне  қабылданып, қазіргі таңда тиісті жалақысын ала алмай жүргенін айтып, талабын қанағаттандыруды сұраған.

Виртуалды сот жобасы азаматтарға сотқа бармай-ақ, сотқа қатысып сот отырысынан хабардар болуға мүмкіндік береді, сонымен қатар сот отырыстары нақты уақытында жүргізіледі.  Сот отырысына қатысушылар уақыты  мен болатын күні көрсетілген СМС-хабарлама алған соң, ұялы бейнеконференцияға қосылады. Аталған IT-технологиясын енгізу мобилдік және сот төрелігінің ашықтығын арттырады және сот төрелігін жүзеге асыруда кедергісіз қолжемділікті қамтиды. Бұл жобаны пайдалану үшін сот ісіне қатысушы тарап өз мобильді телефонына сотқа қашықтан қатысуына мүкіндік беретін  «TrueConf» бағдарламасын орнату арқылы нақты уақытта сот залында болмай-ақ, сот мәжілісіне қатыса алады. Осындай жағдайлар сот ісінде жиі кездеседі. Мына жүйенің жаңашылдығы, адам кез келген жерде қолында мобильді телефоны болса, сот  процестеріне қатыса алады. Азаматтарды әбігерге салмай, олардың уақытын, қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа жобаны одан әрі дамытып, келешекте кеңінен қолданамыз деген ойдамыз.

 Екінші азаматтық іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы А. жауапкер «Бейбарыс LTD» ЖШС-нан  сақтау шарты бойынша келтірілген шығынды өндіруді сұраған.Талапкер өзі Ақтөбе қаласында, ал оның өкілі  В. Ақтау қаласында тұратынына және сот отырысына қатысуға мүмкіндігі болмағанына байланысты, оған ғаламтор байланысының көмегімен ұялы телефон арқылы сотқа азаматтық іс бойынша жауап беруге мүмкіндік жасалып, адамдарды әбігерге салмай олардың  уақытын, қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 Жаңаөзен қаласының аумағынан шалғай орнатылған Теңге, Қызылсай ауылдарының тұрғындарына қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында сол ауылдардың әкімшілігіне  орнатылған байланыс арқылы сот отырысына қатыса алатындығын тұрғындарға назарына бергім келеді

Бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан «Сот кабинеті» сервисі сот жұмыстарын оңтайландыруға кең мүмкіншіліктер бергені белгілі. Цифрландыру жұмыстары сонымен тоқталып қалмай, сот саласында одан әрі дамуда. Өз сөзімді тұжырымдай келіп,бүгінде осы сервис арқылы сот саласының 72-ден астам қызмет түрі көрсетіліп келгендігін тұрғындардың назарына жеткізе отырып, аталған мүмкіндікті қолдануды ұсынамын.

 

З. Махитова

                                                                     Жаңаөзен қалалық сотының судьясы                                                                            

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.