«Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске асырылуда

«Судья көмекшісі» пилоттық жобасы іске асырылуда

Судьялардың қызметі ауыр және жоғары жауапкершілікті талап ететіні барлығымызға белгілі. Оған қоса, жыл сайын сотқа азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгінуі де ұлғайып келеді. Ол біріншіден, халықтың сотқа деген сенімінің арта түскендігін байқатса, екінші жағынан жүктеменің еселеп өскені сот төрелігін жүзеге асыру сапасына әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, судьялар сот істерін қараумен қатар сот практикасын талдау, сот базасымен жұмыс жасау және басқа да техникалық жұмыстарға көп уақыт жұмсайды. Ол да қосымша жүктеме болып табылады және сот төрелігін жоғары деңгейде жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Осыған орай, ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен биыл республиканың соттарында «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы енгізілді.

Жобаның мақсаты сот жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру, судьяларды техникалық және әкімшілік жұмыстан босату, сонымен бірге судья көмекшісі институтының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау болып табылады.

Егер, халықаралық тәжірибеге қарайтын болсақ, Ресей және Америка Құрама Штаттарында судьялар көмекшісі институты көп жылдардан бері жұмыс істеуде.

Онда, жүктемені азайту мақсатында судьялардың көмекшілерінің басты міндеті – судьяларды сот төрелігіне атқару барысында келіп жатқан арыздармен, істермен танысу, сот құжаттарының жобаларын дайындау, іс бойынша өздерінің пікірін айту, оларды шешуде өз ұсыныстарын енгізу, қандай заңдарды қолдану керектігін алдын-ала судьяға ұсыну. Сонымен қатар қаралып отырған іс бойынша қабылданатын шешімдердің жобаларын жасау болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, судьялар көмекшісі сот төрелігінің сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді және де тәжірибеге сай, судьяның көмекшілері болған тұлғалар, кейін судья ретінде сот төрелігін сапалы жүзеге асырушы тұлғалар болады деген де пікірлер бар.

Соттарда пилоттық жобаны іске асыру сәтінен бастап қысқа мерзім ішінде судьялардың көмекшісі өздерінің функционалдық міндеттерін кәсіптік тұрғыда орындауға белсенділік танытып жатыр.

Судья көмекшілері болашақта судья болуға деген ниеті өте ақталған, өйткені олардың қызметі барысында сот ісін жүргізудегі процессуалдық нормалармен тікелей байланыста болатын барлық сот процестерінің қиындықтарын көріп, түсінеді.

Судья көмекшісі судьямен жұмыс кезінде жұмысқа қажетті тәжірибе жинақтайтынын, білім мен дағдыларды меңгергенін ескере отырып, оны сот корпусын толықтыру үшін резерв ретінде қарастыруға болады.

«Судья көмекшісі» - пилоттық жобасы бұл сот жүйесіндегі жас мамандандарға судья қызметіне жетуге арналған баспалдақ. Себебі бұл институт сот қызметіне кандидатты дайындап қана қоймай, ең лайықты сот қызметкерлерін іріктеу үшін оның адами және кәсіби қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.

 

ҚР Әскери сотының қылмыстық

істер жөніндегі апелляциялық

сот алқасының бас маман – сот

мәжілісінің хатшысы                                                            

А.Сарскулов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.