Сот жүйесінің жетістіктері

Сот жүйесінің жетістіктері

Қазіргі кезде сот жүйесінде болып жатқан жаңалықтар өте көп. Небір жетістіктерге жетіп жатырмыз. Солардың бірі - аудио-бейне жүйесі арқылы сот отырыстарын өткізу.

ҚР ҚПК 347-1-ші бабына сәйкес, сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.

Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.

Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган ҚР ҚПК талаптарын ескере отырып айқындайды.Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулерді қарау ҚР ҚПК 349-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасына ескертулердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол ескерту берген адамдарды нақтылау үшiн шақыртуға құқылы.

Бұл өз кезегінде жаңа технологиялар енгізіліп, көтпеген  кемшіліктердің жойылуына алып келді.

«Сот кабинеті» бағдарламасы енгізіліп, үйден шықпай сот органына арыздарды және тағы басқа құжаттарды өткізуге қол жеткізілді.Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:талап арызбен; сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;сот отырысының хаттамасына ескертумен; өтінішпен сотқа жүгіне алады.

«Сот кабинеті» интернет-сервисіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сандық қолтаңба қажет. «Сот кабинетінен» тіркелі рәсімінен өткеннен кейін бұл мүмкіндікті пайдаланушы талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық/жеке шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз бере алады.

Жаңа Азаматтық процессуалдық кодекс, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң қабылданды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық, Қылмыстық процессуалдық кодекстерге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Жоғарыда аталғандардың негізінде сот жүйесі үлкен қадамдармен дамып келе жатқаның көруге болады, ол өз кезегінде іс жүргізудің жеңілдеуіне алып келетініне сенімдімін.

 

 

А.Тайшубекова

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.