Электронды ақпараттық технологиялардың қолжетімділігі

Электронды ақпараттық технологиялардың қолжетімділігі

«100 нақты қадам» «Ұлт жоспарында» сот органдарына бекітілген тапсырмалар орындалып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері артып келеді.

Заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот жүйесінде сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жойып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.

«Сот кабинеті» электронды сервисі іске қосылғанннан бері, қолданрушылар тиімділігі мен оңталылығын бағалауда. Яғни, 2017 жылы әскери сотқа келіп түскен талап арыздардың 94 пайызы «Сот кабинеті» арқылы түскен. «Сот кабинеті»  сервисін пайдаланудың қағаз құжат айналымынан артықшылығы көп. Онда талап арызды, сот хаттамасын сұрату туралы өтініштерді электронды түрде жедел тапсыру мүмкіндіктері, электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы электронды бақылау өндірісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданушының кез-келген жерден интернет арқылы мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеу мүмкіншіліктері бар.

Сот кабинеті» сервисі ұялы телефондарда да қолжетімді, онлайн портал сервисі қосымшасы арқылы сәйкестендірілген, белсенді жаңалықтарды қарауға, сот отырыстарының тізімні, істі қаралу барысын және жолданған құжаттарды, сот отырыстары туралы мағлұматтарды көрсететін сот процестеріне қатысушыларының күнтізбесі секілді көптеген функционалдары бар. Мобильді қосымшаны қолданушылар бір-бірімен «чат» режимінде мәтіндік хабарламалармен алмасып қана қоймай, әлеуметтік желідегі жаңалықтарымен бөлісе алады.

Сонымен қатар, «барлық сот процестеріне дыбыс-бейне қондырғысын енгізу заң үстемдігін қамтамасыз ету «100 нақты  қадам» Ұлт жоспарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, сот процестерінде дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану және жазылған бейнематериалдарды көру сот процесінің мәдениеті мен қатысушылар тарапынан сотқа деген сенім деңгейін арттырады. Қазіргі уақытта әскери сот 100 пайыз дыбыс-бейнежазба қондырғысымен жабдықталып, сот істері дыбыс-бейнежазба қондырғысын қолдану арқылы қаралуда.

Әскери сотпен бейнеконференциялық байланыс арқылы істер қаралуда.  Бейнеконференциялық байланыс дегеніміз – екі немесе одан да көп қашықтықтағы абоненттердің интерактивтік өзара іс-қимыл жасауына арналған, олар арасында нақты уақыт ауқымында басқарушы деректерді ескере отырып, дыбыс-бейне ақпаратпен алмасу мүмкін болатын телекоммуникациялық технология болып табылады.

Бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолданудың мақсаты болып: біріншіден, істерді қарау бойынша процестік мерзімдерді сақтау және азайту, екіншіден,  қамақта отырған сотталушының сот отырысына қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, үшіншіден, сот отырысына белгілі бір себептерге байланысты қатысу мүмкіндігі жоқ куәден, жәбірленушіден  жауап алу мүмкіндігін жүзеге асыру, төртіншіден, белгілі бір себептерге байланысты сот отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ іске қатысушы тұлғалардың, олардың өкілдерінің, сонымен қатар куәлердің, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың сот отырысына қатысуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бейнеконференциялық байланыс арқылы істерді қарау, сот отырысына қатысушылардың уақыты мен қаражаты үнемдейді.

 

                                                        А.Бабатов                                                   

 Ақмола гарнизоны  әскери сотының төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.