«Сот кабинетінің»ақпарттық сервисі мүмкіндіктері

«Сот кабинетінің»ақпарттық сервисі мүмкіндіктері

Қазақстан бүгін-қалыптасқан, әлем таныған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады.  

                                                                                                                                                                  Н.Ә.Назарбаев

Мемлекеттік биліктің дербес саласы - сот билігінің Қазақстанның саяси өміріндегі орны мен маңызы зор. 2016 жылғы 21 қарасында өткен республика соттарының VII съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптасқанына ерекше назар аударды.

Елбасымыздың қолдауымен және сындарлы саясатының арқасында бүгінде сот саласы күннен күнге дамып келеді. Уақыт өте электрондық қызметке сұраныс артып, халықтың сауаттылғы жоғарлап келеді. Сот органдарының қызмет көрсетілуіне қолжетімділіктің жалғыз терезі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын қосты. Бұл сервистің сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жетілдіруге арналған. 

Қазір сот кабинеті сервисіне уақыт санап сұраныс артуда. Оны пайдаланушылар саны көбейді. Мұндай деректі пайдаланушылар арасында жүргізілген сауалнама негізінде белгілі болды. Сервис уақыт өткен сайын жетілдірілуде. Бүгінгі күні ҚР Жоғарғы Соты азаматтарға ыңғайлы болу үшін сот бұйрығын шығаруға арналған арызды жіберуге сервисті бөлек шығарды. Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою туралы арыз, мемлекеттік бажды қайтаруға арыз, жеке айыптауға шағым, үкімді орындауға енгізгенге дейін сотталған адаммен кездесуге рұқсат беруге арыз жіберу үшін азаматтық және қылмыстық істер бойынша жаңа сервистерді іске қосты.

Осы арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған нысанын толтырып, қоса берілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, тиісті сот орындаушыларына жіберуі қажет. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және істің қаралу барысын қарап шығуға болады.

Казақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, сот ісін жүргізу процесін оңайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жалғастыруда. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда бейнероліктердің жүргізілуін қамтамасыз етілуде. 

  

  А.Сайлауов

   Бас маманы Ақмола гарнизоны әскери сотының

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.