Медиация институтын дамыту уақыт талабы

Медиация институтын дамыту уақыт талабы

Медиация – ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Құқықтың англосаксондық жүйесімен біріккен АҚШ, Австралия және Ұлыбритания елдерін медиацияның пайда болған жері деп атауға болады. Кейіннен дауды шешудің мұндай тәсілі Еуропа елдерінде, ал қазіргі уақытта Жапония, Қытай, Корея, Үндістан және тағы басқа елдерде белсенді түрде қолданады. Медиацияны бірінші рет отбасылық қарым-қатынас аясындағы дауларды шешу кезінде қолданған. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап, кең ауқымды коммерциялық саладағы көпжақты қиын дауларды шешу кезінде мойындала бастады. Ірі бизнес саласында да медиацияны қолдану тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады. Бірнеше ондаған жылдар бойы американдық корпорациялар оны өз қызметтерінде табысты пайдаланады, себебі олар медиация арқылы өзара тиімді шешім табуға тырысқаннан кейін ғана сотқа жүгінеді. Бұл сотқа берілетін талаптардан жүздеген миллион долларларды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Медиация (латын тілінен аударғанда mediare – делдалдық ету) - өз ерікті келісімі негізінде тараптар - медиатордың көмегімен қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында дауларды соттан тыс шешу түрі. Демек, медиация істі сотқа жеткізбей реттеуді көздейді.

Медиация тәсілдері, ең алдымен, ынтымақтастық аясында келіссөздерді жүргізуге бағытталады. Медиация кезінде тараптар келіссөздер жүргізіп, оны орындау нәтижесінде өздерінің арасындағы жанжалдарды реттейді. Сәйкесінше, медиацияның өзіне тән артықшылықтары бар. Атап өтсек, шиеленіске қатысушы тараптардың іскерлік қарым-қатынастарын сақтай отырып, дауды жедел шешу мүмкіндігінің жоғары болуы, сонымен бірге медиация кезінде тараптар рәсімдерді жүргізуге өздеріне ыңғайлы уақытты таңдай алуы және медиацияны жүргізу екі тарапты да қанағаттандыратын келісім жасауға мүмкіндіктің болуы.

Бүгінгі күні медиация біздің елімізде де белсенді даму үстінде.     

Қазақстан Республикасының 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданған «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

Аталған Заңның 3-бабына сәйкес, дауды (дау-шарды) шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу мен тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету медиацияның мақсаттары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.

Медиация соттың қарауында жатқан жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда, тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, медиацияны жүргізу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Судьяларының VI-сьезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайтып, соттан тыс реттеудің әдістерін, яғни бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған. Астана қаласының соттары 2017 жылы 2016 жылға қарағанда істерді медиация тәртібінде 30%-ға артық қараған. Сотта медиацияны қолданғаннан кейін талап қоюшыларға шамамен 1 миллиард теңге көлеміндегі бюджетке төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды, бұл медиация рәсімінің тиімділігін айғақтайды.

Әлемде медиация АҚШ, Англия, Австрия, Германия және тағы басқа Еуропаның континенттік елдерде кеңінен қолданылады.

Мысалы, АҚШ-та медиация дауды реттеудің әдісі ретінде 1960 жылдан бері қолданылып келеді және Бірыңғай Медиация туралы Акт 2001 жылы қабылданды. Медиация дамуында шешуші фактор америкалық соттармен дауларды шешудің осы әдісінің тиімділігін мойындау болып табылды. Америкалық сот жүйесі көптеген даулардың сотқа дейін ерікті түрде тараптармен шешілуіне ықпал етеді. Кейбір штаттарда мынандай жолдар қолданылады: тараптар олардың ісінде медиация қолдану мүмкін еместігіне дәлел келтіргенде ғана  сот істі өндіріске қабылдайды. Көбінесе соттар істі қарағанға дейін медиацияға жүгінуге ұсыныс білдіреді. Сонымен бірге, АҚШ-та медиацияның жаңа әдістерін әзірлеумен айналысатын дауларды шешудің Ұлттық институты,  жеке және мемлекеттік медиация қызметтері бар. АҚШ-та судья сот отырысын тоқтата тұрып, тараптарды медиатордың көмегімен келісімге келуге жіберуге құқығы бар.

Ал Ұлыбританияда дау туындаған жағдайда сол немесе басқа жағдай бойынша ыңғайлы медиатордың тұрғылықты жерін таңдап, қоңырау шалатын жедел желі жұмыс жасайды.

Германияда медиаторлар сот жүйесі қызметкерлерінің жұмысын айтарлықтай жеңілдете отырып, тікелей соттарда жұмыс істейді, ал Австрияда медиатор барлығымен тең, ресми түрде танылған мамандық болып табылады.

Францияның сотпен тағайындалатын медиацияның тәртібі қолданыстағы Азаматтық процестік кодекспен толығымен реттеледі. Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері Нидерландияда дәстүрлі түрде белгілі және кең таралған.

Медиацияны шет елдерде қолдану тәжірибесі көрсетіп отырғандай,  интеграциялық модель атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тиімді, ол құқықтық дауларды шешу үшін әр түрлі уәкілетті органдардың қызметінде қолданылуы мүмкін. Мемлекеттің басты міндеті - мұндай медиация үшін оңтайлы үлгісін таңдау, оны заңды түрде қолданыстағы юрисдикция рәсіміне енгізу.

Қорыта келе, медиация бүгінгі күні әлемде жанжалдарды шешудің мойындалған және талап етілген әдісі деп айтуға болады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың дауды медиация тәртібімен шешуге белсенді түрде жүгінуі кезінде сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында ауыр, ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.  Халықаралық статистикаға сүйенсек, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-да оң нәтижелерге қол жеткізілген. Сондықтан да медиация рәсімі біздің елімізде де кеңінен қолданылып, өз орнын табатынына сенеміз.

 

Утегенова Алия Мухамеджановна

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

14 пікір

  1. аватар
    Darnell 20 августа 2024 21:12

    расклад на картах таро для мужчин, расклад таро на чувства мужчины скорость света 300 000
    км с гороскоп козерога на 2018
    имя нурай в исламе, имя нурай на
    арабск чему снится
    чистота в доме
    ом когда в декабре растущая луна

  2. аватар
    Margret 5 сентября 2024 09:23

    если приснились к чему
    снится серый теленок
    рысы это значит любовный гороскоп для девы апрель
    звезда и солнце таро сочетание, луна и солнце таро значение
    на какую луну делают ритуалы на продажу дома расклад по
    картам таро правда или нет

  3. аватар
    Charli 9 сентября 2024 00:21

    халық ауыз әдебиеті сұрақтар, халық ауыз әдебиеті не жатады халифат война, что такое халифат и шариат селезенка
    лечение, лопнула селезенка симптомы көмірқышқыл газын алу, көлемі 5 6 л көмірқышқыл газын алу
    үшін

    Also visit my web site - адалдық
    асыл қасиет эссе

  4. аватар
    Emory 23 октября 2024 13:39

    жылдық жоспар, жылдық жоспар мақсаты мен міндеттері балабақшада купить нефрит
    для бани, камни для бани мен дәрігер боламын 4
    сынып, мен не үшін дәрігер болғым келеді диск электрофорез купить, гальванизатор поток-1 купить

    Have a look at my web-site :: ғылыми эссе тақырыптары

  5. аватар
    Benito 2 ноября 2024 02:10

    подработка в интернете на дому в свободное время
    с ежедневной оплатой для мужчин работа где надо
    печатать текст сбер работа удаленно отзывы сотрудникосайты заработка в биткоин подработки город лобня

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.