Дәстүрлі сот билігінің қазіргі кездегі рөлі

Дәстүрлі сот билігінің қазіргі кездегі рөлі

Билер – өз заманынының дәстүрлі құқықтары мен әдет-ғұрып ережелерін заңи тұрғыдан реттеп, заман ағымына қарай жаңартып отыратын білікті заңгерлер. «Заманына қарай – заңы, орманына қарай – аңы болады» деген қағида ізімен тозығы кетіп, озығы жеткен заңнама үлгілерін уақытына сай жаңғыртып, елді біртұтас білікті заң ережелерімен қамтамасыз етуді де өз мойнына алған. Мемлекеттік істерде заң саласын жетік білетін сұңғылалығымен ел мүддесіне қажет ереже-қағидаларды нормашығармашылық және заң талқылау қабілеттілігімен иін қандырып, құқықтық қолданысқа енгізетін білікті заң маманы бола білді.

Елбасы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті жолдауында 2015 жылы елімізде ресми түрде төрт мерекенің атап өтілетінін айтқан болатын. Соның ішінде-Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатын атаулы күн айрықша деуге болады. Өйткені, еліміздің-Қазақстан Республикасы деп, жеріміздің-Қазақстан деп аталуының басында қазақ хандығының тарих төріне көтерілуі тұр. 1456 жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ »деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр қазақ халқын сан түрлі сынаққа салды. Түрлі нәубетті бастан өткерді. Бірақ, мың өліп, мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды.

Би – бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы, әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, соттық функцияны атқаратын мемлекеттік қызметші. Ол сот ісін жүргізгенде өзі қадағалайтын тәртіптілікті қатаң сақтай отырып, істің күрделілігі мен екі жақ тараптардың ықылас-мүдделеріне баса назар аударған.

Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялықты қатаң сақтайтын әділ төреші болған. Би соттың дәлелдеу қорытындысында екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп емес екі жаққа да шындықты мойындата білген. Халық алдында өзінің шынайы шешімімен тараптарды татуластырса ғана әділ ісімен даңқы артқан. Ондай билердің атақ-абыройы бүкіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, жүгініске отырған. Сондықтан, Қазақ елінің билер соты барша жұрт алдында кәсіби жағынан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. «Адал би – әділ би» деген принцип содан қалған.

Қазақтың дәстүрлі құқығындағы билер сотының және ел тұтастығы үшін билердің атқарған қызметі орасан зор. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы билер бүгінгі мемлекттік биліктің функционалдық қызметтерін толықтай атқарып келді десек, қателеспейміз. Олар атқарушылық, заң шығарушылық, билік айтып ел басқару қызметтерінің барлық түрлеріне араласты. Оған қоса мемлекеттің ұлттық идеологиясы мен ел бірлігі, әлеуметтік тұрмыс жағдайы туралы даналық ойлар айтып, ел болашағын күнілгері болжауда, оған қажет қандай келелі істерді ынтымақтасып істеудің сара жолын дидактикалық нақыл сөздерімен халыққа түзу бағыт беріп отырды.

Ең алдымен би — қай заманда да өзінің елден асқан ақыл-парасат, біліктілігімен қабырғалы қалың елге көшелі ісімен қызмет етуші ірі тұлға. Бұдан кейінгі лауазымдық дәрежеде би — ауыл-үй арасындағы ақсақалдық биліктен ең жоғарғы сатыдағы сот билігінің тізгінін ұстап, Хан кеңесінде төрелік айтқан аузы дуалы ұлылық иесі. Мемлекеттік аса жоғары дәрежеде би елі үшін осы тақылеттес тағы бір лауазымды атқарған. Ол — халықаралық дәрежеде мемлекет атын зор беделге жеткізетін, еліне береке-ырыс, жақсылық пен тыныштық әкелетін бітістіруші дипломат — елшілік қызметкері. Қазақтың «Елдестірмек — елшіден, жауластырмақ — жаушыдан» деген аталы сөзі соған куә. Билердің қалың бұқара халықтың арасындағы беделі мен атақ даңқын дүйім елге мәлім еткен тағы бір ерекше қасиеті — қара тілден май тамызған шешендік өнері.

Бүгінгі күні «Медиация туралы» заң қабылданған болатын. Астана қалалық сотының төрағасы айтып өткен пікіріне «Билердің негізгі шешетін мәселесі – келген шығынды қалпына келтіріп дауласушыларды бітімге жеткізу. Осыны бірінші орынға қойып, екі тарапты да қанақаттандыруды көздеген. Қазіргі қолданылып отырған медиация билер институтының жарқын көрінісі» екеніне қосыламыз.

 

Есіл аудандық сотының

бас маман – сот отырысының хатшысы А.Тілеубай

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

9 пікір

  1. аватар
    Monika 29 августа 2024 12:40

    Having read this I believed it was very informative.
    I appreciate you taking the time and effort to put this informative article together.
    I once again find myself personally spending a lot of
    time both reading and commenting. But so what, it was still worth it!


    my web site :: landscape photographers near me

  2. аватар
    Alisia 1 сентября 2024 11:33

    сонник багато кішок, багато кішок уві сні ісламський сонник
    сухе знежирене молоко халяль
    або харам, сир халяль або харам
    молитва за доньку як
    зрозуміти що в тебе пристріт
    б скласти іспит каблучка з
    місячного каменю магічні властивості

  3. аватар
    Leia 7 сентября 2024 14:15

    ғаламдағы ғажайып ғимараттар эссе байқауы 2022,
    ғаламдағы ғажайып ғимараттар презентация картоп өндіретін үштікке кіретін елдер, картоп құрамындағы
    витаминдер профессиональные праздники в
    казахстане, профессиональные праздники даты пало санто купить оригинал, palo santo
    carner barcelona отзывы

  4. аватар
    Jonathan 15 сентября 2024 10:56

    шаңғы спортының шығу тарихы,
    шаңғы спортының түрлері капли в нос при беременности 2 триместр форум, капли в нос при
    беременности 1 триместр форум алаша хан кесенесі орналасқан жері, қарахан
    кесенесі орналасқан жері
    жеке кірісті қалай тиімді басқаруға болады,
    ақшаны үнемдеу табысты молайта ма эссе

    my web page :: жұмысқа қабылдау құжаттар тізімі

  5. аватар
    Kathie 15 сентября 2024 10:58

    әрқашан сөзіне сөйлем құрау шанхай бестігі қашан құрылды,
    шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттер гид по казахстану,
    путешествие по городам казахстана обитель зла: апокалипсис, обитель зла 6

    Also visit my page; айканат олимпиада регистрация

  6. аватар
    Ardis 7 октября 2024 12:19

    қазақстан ғылыми дамуының келешегі,
    қазақстан ғылымы жетістіктері алып ғаламшарлар
    марс орбитасынын тысқары орналасқан, ғаламшарлар қандай болады 2 сынып access сұраныс дегеніміз, access объектісіне әрекеттерді сипаттау енгізіледі алғашқы махаббат текст,
    алғашқы махаббат текст мағжан хамит

    Check out my homepage ... известные женщины казахстана

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.