Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық демократиялы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетілуіне, нарықтық экономиканы қалыптастыруға, инвестицияларды тартуға тежегіш болып табылады. Жалпы айтқанда мемлекеттің болашақта өсіп, өркендеуіне қауіп тудырады.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Cыбайлас жемқорлықты қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін емес»-, деген болатын. Біздің елімізде, сыбайлас жемқорлықпен күресу басты басымдылық болып табылады.

Жалпы, сыбайлас жемқорлық қылмысы – қызмет бабын пайдалану арқылы немесе өзіне берілген артықшылықтар арқылы жасалатын қылмыс.

Қазіргі уақытта әлемнің әрбір елінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің түрлі айла-тәсілдері үзіліссіз жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана байланысты емес, салт-дәстүрге, діни ерекшелікке, құқықтық мәдениеттің деңгейіне, мемлекеттің жер аумағына және халық санына байланысты да таңдап алынады.

Осыған байланысты, 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мақұлданды. Бұл стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатының тиімділігін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын күшейту болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы агенттік Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын орган, мемлекеттік қызметтің бүкіл республикалық тиімді қызмет жасауын қадағалайды, кадрлық саясат пен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейінің төмендеуіне жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта аталған орган өз жұмысын халықпен бірлесіп жақсы атқарып келеді. Көптеген қылмыстардың, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өз қызметтерін асыра пайдаланған шенеуніктер құрықталуда. Қорытындылай келе, аталған қылмыстың жолын кесуде және алдын алуда қоғамның да үлесін айта кету керек және осы жағынан республиканың әр өңірінен халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда жұмыс жасауымыз қажет.

Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар, қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

 

Ақтөбе облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

кеңсе бас маманы                                                                              

А.Сыдықов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.