Басты сот талқылауының хаттамасы

Басты сот талқылауының хаттамасы

Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы – сот қаулысына негіз болатын сотпен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты.

Хаттамада нақты қылмыстық іс бойынша тараптардың (айыптау, қорғау) өкілдерінің, азаматтық талапкердің, жауапкердің, олардың өкілдерінің, куәнің қатысуымен ең болмағанда біреуінің, өткізілетін, сондай-ақ онда іс жүргізу шешім (үкім шығару, істі қысқарту, соттылығы бойынша өткізіп беру, оны өндірісте тоқтата тұру туралы, сот талқылауын кейінге қалдыру жөнінде және т.б. қаулылары) қабылдау үшін өткізілетін кез келген отырыс сот отырысы деп аталынады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 321-бабының тәртібімен сот өткізетін отырыс, хаттамада алдын-ала тыңдауды өткізу деп аталынады.

ҚПК-нің 43444546-тарауларында көзделген іс жүргізу іс-әрекеттері, оның ішінде басты сот талқылауының дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, соңғы сөздің айтылуы, үкімнің жариялануы шеңберінде өткізілген отырыс басты сот талқылауы (басты сот отырысы) деп аталынады.

        Қазіргі таңда, сот жүйесінде ақпараттық және заманауи технологиялардың дамуына байланысты, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

  Сот отырысының қысқаша хаттамасында:

      1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;

      2) сот отырысының басталу және аяқталу уақыты;

      3) істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні;

      4) істің атауы;

      5) сотталушының жеке басы туралы деректер;

      6) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;

      7) аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;

      8) аудармашының, айыптаушының, қорғаушының, сотталушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сот шақырған басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер;

      9) іске қатысатын адамдар дәлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мәліметтер;

      10) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған датасы көрсетіледі.

Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.  

 Сот отырыстарын аудио-, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.

 

Астана қаласының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының бас маманы

сот отырысының хатшысы                                                  

Темирбаева А.Д.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.