Алаяқтықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату

Алаяқтықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату

Алаяқтықтың қылмыс екенін жұрттың бәрі біледі, бірақ, бұл қылмыспен күрестің көкейкестілігін әркім түсіне бермейді. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі жағдайында бұл қылмысты тереңірек зерттеу қажет. Ең маңыздысы, алаяқтықты басқа ұқсас қылмыстардан бөліп алып, дұрыс бағалау керек деп есептейміз.

Алаяқтық мүлікті талан-тараж етудің өзге нысандарынан әрекет етудің ерекше тәсілі арқылы ажыратылады. Мұндай тәсіл ретінде алдау немесе сенімге қиянат жасау бөлініп қарастырылады. Бірақ алдау - ұрлық, қарақшылық, тонау, қорқытып алушылық жасалған кезде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыскер ойыншық тапаншамен қорқытатын болса, ол алдаған болып танылады. Сенімге қиянат жасау да көптеген мүліктік қылмыстарды жасағанда қолданылуы ықтимал. Сондықтан бір ғана алдауды (немесе сенімге қиянат жасауды) қолдану фактісі жасалған әрекетті алаяқтық ретінде саралау үшін жеткіліксіз болады. Алаяқтықты басқа меншікке қарсы қылмыстардан ажырату кезінде мына мән-жайды ескеру қажет: алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілі алаяқтық құрамының негізгі белгісі болып табылады (мұндай тәсілдерсіз алаяқтықтың жасалуы мүмкін емес). Бұл туралы ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабында айтылған: «Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену». Алаяқтық  кезінде жәбірленуші өзіне қатысты қолданылған алдаудың нәтижесінде мүлікті кінәлі тұлғаға береді. Яғни, алдау (немесе сенімге қиянат жасау) бұл жерде қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Егер алдау қылмыс жасауды жеңілдету үшін қолданылса, әрекет мүлікті иеленіп алудың орын алған тәсіліне қарай саралануы тиіс.

Алаяқтықты ұрлықтан ажырату қажет. Ұрлық кезінде алдау кейін бөтен мүлікті жасырын алғанда соны жеңілдететін шарт қана болып табылады (мысалы, үй-жайға, қызметтік немесе өндірістік жайға кіруді жеңілдету үшін арбау, т.б). Алаяқтық жасалғанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Ұрлық жасалғанда мүлік жәбірленушіден жасырын, оның еркінсіз ұрланады. Ал алаяқтықта мүлік қылмыскерге «ерікті» түрде беріледі.

Өзінің заңнамалық конструкциясы жағынан алаяқтық қылмысына алдау немесе қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (195 бап) құрамы өте ұқсас. Заң шығарушы аталған екі құрамның құрылысына “Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру” тәрізді элементтерді енгізген. Мұндай ұқсастық осы құрамдарды бір-бірінен ажыратуда біраз қиындықтар туғызатыны сөзсіз.

Алаяқтық талан-тараж етудің бір нысаны болып табылады. Қылмыстық заңда көрсетілгендей талан-тараждық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне  немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады. Ал алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру мүлікті талан-тараж етудің нысанына жатқызылмайды.

Меншік саласындағы адамның жеке басының мүдделері, қоғамдық және мемлекеттік мүдделер сияқты, жіберіп алған пайдамен байланысты. Сол мүдделерді қорғау мақсатында республиканың жаңа ҚК-нде алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру құрамы (195 бап) пайда болды. Объективтік жағынан алғанда бұл қарастырылып отырған қылмыс келесі белгілерімен сипатталады: алдау жолымен немесе сенімге қиянат жасап, мүліктік залал келтіруге бағытталған. Бірақ ұрлау нышандары жоқ іс-әрекеттер жиынтығы; жіберіп алған пайда нысанындағы мүліктік залал түріндегі зардап; айыптының іс-әрекетімен соның нәтижесінде жіберіп алған пайда арасындағы себептілік байланыс. Іс әрекетті жасау тәсілі осы құрамда конструктивтік нышан болып табылады: залал, алдау жолымен немесе сенімге қиянат жасау арқылы келтіріледі. Бұл түсініктердің мазмұны алаятықтағы осындай түсініктермен бірдей. Екі қылмыс та аталған екі тәсілдің біреуін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ ҚР қылмыстық Кодексінің  195 бабының мазмұнына терең үңілсек, мүлік иесіне мүліктік залал ұрлық белгілерінсіз келтірілуі тиіс. Демек, заң шығарушы “ұрлық белгілерінсіз” деген белгіні енгізу арқылы алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру қылмысын мүлікті талан-тараж ету қылмыстарынан шектеген. Ал Қылмыстық Заңның 190 бабында қарстырылған қылмыс құрамы (алаятық) бөтеннің мүлкін талан-тараж етудің жеке нысаны болып табылады.

Алаяқтықтың осы аталған қылмыстың нышандарынан айырмашылығы: бірінші әрекет талан-тараж  етумен байланысты, ал екіншісінде осындай нышан жоқ. Талан-тараждық жасалғанда мүліктің заңды иелену қорынан заңсыз иеленіске өтуі міндетті. Талан-тараждың нышанынсыз  мүліктік залал келгенде меншік иесінің қорына келіп түсуге тиісті мүлік оған келіп түспейді, яғни бұл іс-әрекет жасалғанда заңды меншік иесі өзінің алуға тиісті материалдық игілігін ала алмайды.

 Алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірілген кезде жәбірленуші қателескендіктен мүлікті басқа бір тұлғаға өз еркімен бермейді, алдаудың (немесе сенімге қиянат жасаудың) салдарынан алуға тиісті материалдық игіліктерін өз меншігіне түсіре алмайды.

Ұрлық пен тонауға қарағанда алаяқтық жәбірленушінің мүліктік қылмыскерге “өз еркімен” беруімен сипатталады. Алдаудың салдарынан жәбірленуші істің мән-жайларына қатысты шатасуы мүмкін және осы шатасу нәтижесінде айыпкер мүлікті заңсыз иеленіп алу мүмкіндігіне ие болады. Тіпті, жәбірленуші мүлікті берудің сипатына да қатысты жаңылысуы мүмкін. Мәселен жәбірленуші тұлға өз мүлкін уақытша пайдалануға немесе өзге де арнайы мақсат үшін беріп отырмын деп ойлайды, ал кінәлі бұл мүлікті өз пайдасына айналдырады.

Жәбірленушінің кінәлі адам жасаған іс-әрекетін құқыққа қайшылығын түсінбеуі алаяқтықты ұрлықпен жақындастырады. Бірақ алаяқтық жасаған тұлға мүлікті жасырын түрде алып қоймайды, әдетте ол оны жәбірленушінің өз қолынан алады. Алаяқтық кезінде мүлікті берудің ең басты себебі болып алдау танылады. Даулы мәселелердің қатарына кінәліге тапсырылған және жөндеу жұмыстарын жүргізу, сақтау т.б үшін берілген мүлікке қатысты мән-жайлар жатқызылады. Мұндай топтағы қылмыстар сот тәжірибесінде  сирек кездеспейді.

Алаяқ жәбірленушіге өзінің мүлкін ұстай тұруды, белгілі бір затты күзете тұруды  ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар, ол әртүрлі айла-тәсілдерді қолдана отырып басқа адамның сеніміне кіре алады, нәтижесінде соңғысы да алаяққа өз мүлкін уақытша тапсырып кетуі мүмкін. Екі жағдайда да алдау әрекеті мүлікті иеленіп алумен себептілік байланыста тұрады.

Кейбір жағдайларда қылмыскерлер қорқытып алушылық жасау үшін алдауға жүгінеді. Бұл жағдайларды да алаяқтық қылмысының құрамынан ажырата білген жөн.

Сонымен, біз осы бөлімде алаяқтық және оған ұқсас қылмыстардың ерекшеліктерін  қарастырдық. Алаяқтық қылмысында алдау және сенімге қиянат жасау мүлікті кінәлі адамға берудің негізгі себебіне айналады. Ал басқа қылмыстар да аталған екі тәсіл қылмыс жасауды жеңілдету үшін қолданылуы мүмкін.

Дегенмен, алаяқтыққа құрылым жағынан ұқсас келетін қылмыс құрамдарының қатары мұнымен шектелмейді. Кейбір ғалымдар олардың қатарына тұтынушыларды алдауды да жатқызады. Бірақ біз алаяқтыққа неғұрлым ұқсас және іс-әрекетті сарлау кезінде қарама-қайшылықтар туғызуы мүмкін құралдарды назарға алуға тырыстық.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты                                                         

Жаксатова А.М.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

17 пікір

  1. аватар
    Jenny 15 сентября 2024 14:26

    жол болатын дуга, жарыста оқылатын
    дұға текст список хищнических журналов 2022, импакт-фактор журнала как узнать
    зат есімнің тәуелдік жалғаулары, зат есімнің жалғаулары 1
    нұсқа ответы таурас металл, мтз 80
    шардара

    Look into my web page; қазақстандағы діни бірлестіктер

  2. аватар
    Dallas 18 сентября 2024 02:11

    күнделікті өмірде нан тез арада, 1 аптада 10 кг тастау өлі тіріге
    не апарады, той мал деген не 6 сынып
    қазақ әдебиеті гдз, гдз қазақ әдебиеті 6 сынып атамұра
    туынды үстеу, күшейткіш үстеу мысалдар

    Also visit my site ... международный колледж имени магжана жумабаева астана адрес

  3. аватар
    Salvatore 25 сентября 2024 03:45

    наноматериалдар қасиеттері, наноматериалдар
    деген не гүлдер әні балаларға, гүлдер
    гүлдер көп гүлдер қызыл гүлдер көк гүлдер
    дүние қалай етсең табылады әңгімесі, дүние қалай
    етсең табылады әңгімесінің негізгі
    идеясы карта филиал, интертич
    страховка

    Feel free to surf to my page; мектеп алды даярлық
    тобының оқу бағдарламасы

  4. аватар
    Forest 28 сентября 2024 02:27

    прицеп легковой бу астана, курганские прицепы астана как обращаться к
    судье в казахстане, господин судья температура
    взрыва атомной бомбы, кто в первую очередь пострадал от ядерных взрывов сор
    де не подається команда струнко

    Feel free to visit my web-site :: аңыздың ақыры тарихи құндылығы

  5. аватар
    Louis Сегодня, 11:35

    исламский сонник снег весной, сонник много снега во дворе снится бывший мужчина
    в белом женщина весы психология, женщина-весы совместимость
    гороскоп 11 04 кто это муладхара как прокачать, муладхара медитация

    Here is my website :: значение
    числа 6300

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив