Тергеу судьясының өкілеттігі түсіндірілді
Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында судья К.К.Дуйсембиевтің кездесуімен «ҚАЗГЮУ Университеті» АҚ студенттеріне сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі тергеу судьясының өкілеттіктері туралы дәріс өткізілді.
Тергеу судьясының өкілеттіктеріне ҚР ҚПК-де көрсетілгендей қылмыстық сот өндірісінде тұлғаның заңды мүддесі, бостандығы мен құқықтары сот бақылауы арқылы жүзеге асатындығы атап өтілді.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының ҚПК-н ізгілендіру сұрақтары жандандырылды және де Ұлт жоспарының «100 нақты қадам 5 сатылы реформасын жүзеге асыруда» 22 қадамында сот жүйесінің мінсіз қызметінің орындалуына қабылданған шаралар талқыланды.
Кездесу барысында сот тергеуінің өкілеттіктеріне қатысты студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Дәріс соңында қызықты дәріс үшін студенттер судьяға алғыстарын білдірді.
[xfvalue_img]