Тіл- сот төрелігінің негізі

Тіл- сот төрелігінің негізі

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп оны қоғамдық қарым-қатынас тіліне енуі- бүгінгі күн талабы.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын  аз толғандырып жүрген жоқ. Елбасы өз Жолдауында  «Тіл –Қазақстан халқын біріктіруші құрал болуы тиіс. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамытуымыз қажет. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үлесімізбен толыға түскен қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз»,- деген.

Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдің дамуына еш нұсқан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау қамқорлық аясын тарылтпай, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы ел-жерінің иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлейінше кең көздеуге маңыз беруіміз керек. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі міндеті. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін көптеген шаралар атқарылып, түрлі бағдарламалар қабылдануда. Осыған байланысты барлық мемлекеттік атқарушы органдар осы мәселе бойынша іс-шаралар атқаруда. Елбасының Қазақстан Халқына жолдаған Жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты ролі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этоностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуы басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.

Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан қазақ тілі мен  мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының біртіндеп көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда, әсіресе мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Сот істерін мемлекетік тілде жүргізу Конституция талабы болғандықтан соттарда мемлекеттік тілде жазылған құжаттардың, сот актілерінің сапасына жоғарғы талап қойылу, мемлекеттік тілдің аухалын одан әрі кеңінен қолданылуын кеңейту сот жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Себебі мәңгілік елдің тұғырын биіктететін тілімізді мәңгілік етудің тетіктерін жұмыс істетіп, Жолдауда берілген тапсырманы өміршең ету барша қазақстандықтардың міндеті.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Астана қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотымен 2017 жылдың 11 айында барлығы  1273 қылмыстық іс қаралып аяқталса, оның ішінде 267 қылмыстық іс қазақ тілінде қаралған, яғни барлық яқталған қылмыстық істердің  21% пайызын құрап отыр.

Қазақстан Республикасының  қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады,-делінген.

Алайда, бүгінгі күні қылмыстық істердің басым көпшілігі сотқа дейінгі тергеп-тексеруде орыс тілінде жүргізіліп,сот отырысы барысында,  сот процесiне қатысушыларіс бойынша iс жүргiзiлетін тiлдi жеткiлiктi түрде бiлмеу салдарынан, аудармашының қызметіне жүгіну құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасы көпұлтты унитарлы мемлекет болғандықтан республика тұрғындарының татулығы мен бейбітшілігін сақтап, ұлтаралық бірліктің маңыздылығын негіздейтін ең  негізгі факторы – қазақ тілі десек артық болмас.

Сондықтан мемлекетіміздің тәуелсіздігінің басты белгісі ана тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту міндетіміз болып табылады.

Астана қаласы Алматы

ауданының №2 аудандық

сотының судьясы                                                                   

У.Қ. Қошанов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.