Сот этикасы

Сот этикасы

Судья - сот билігінің өкілі, сот билігінің құрметі мен беделін алып жүруші. Оның кәсіби, моралды-адамгершілік және әдептілік келбетіне баса мемлекеттік билік өкілдеріне қарағанда, қатаңырақ талаптар ойылады. Сот этикасы – бұл, судъялардың, прокурорлардың, тергеушілердің, адвокаттардың қызметінің ерекше жағдайларында мораль, ізгілік нормаларын қолдану; қылмыстық істерді тергеу және шешуде ізгілік қағидалары мен талаптарын жүзеге асыру туралы ғылым. Сот этикасы судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар үшін қандай да бір ерекше ізгілік нормаларын қалыптастырмайды, ол – сот және тергеу қызметінің ерекше жағдайларындағы ізгіліктің жалпы нормаларының қолданылуын зерттейді.

Сот этикасы – бұл басқа түрлері бар (дәрігер этикасы, әдеби этика, әскери этика жәнен т.б.) «кәсіби этиканың» бір түрі. Кәсіби этиканың әрқайсысы нақты кәсіби қызметтің ерекше жағдайларында жалпы ізгілік нормаларының қолданылуын зерттейді, бірақ сол кәсіп үшін ерекше «ізгілікті» қалыптастырмайды. Сондықтан, кәсіби этика туралы айтуға болса да, «кәсіби» ізгілік туралы шартты түрде де  айтуға болмайды.

Сот өндірісінің нысандары біршама нық орнағандықтан, ізгілік бастауларға, – дейтін ол, болашақта қылмыстық іс жүргізудің зерттеулерінде басты рөл  тиесілі болады  және сот өндірісі туралы ілімнің ауырлық нүктесі іс-жүргізудің барысынан судьяның этикалық және қоғамдық-құқытық  қызметіне оның бүкіл  дамуында ауысады. Бұл даудағы келіспеушіліктер, бір авторлардың кәсіби моральда  айрықша ізгілік нормалары болады деп, ал басқаларының онда жалпы ізгілік қағидаларының  тек сынуын  ғана көруі арқылы  сипатталады.

Алайда, даудың мәні әрбір кәсіби моральдың өзінің айрықша нормаларының  бар-жоқтығында емес, олар бар. Даулы болып табылатыны: осы нормалардың мазмұны қандай; олар жалпы ізгілік қағидаларын айрықша кәсіби қызметті ескере отырып қолданудың нәтижесі болып табылады ма, әлде, жалпы қағидаларды толықтыратын және тіпті, олардың әрекетін шектейтін  ерекшелік ізгілік   нормалары ма деген сұрақтар. Сонымен қатар, А.Ф. Кони сот этикасын ізгілік туралы жалпы ұғымдардың қандай да бір салаға, арнайы сот қызметіне қосымша ретінде қарастырады.

Қылмыстық сот өндірісінде кез келген моральды норма, егер ол шынымен сондай болып табылса, міндетті түрде жалпы ізгілік қағидаларына сүйенеді және сот әділдігіне қызмет етеді, қылмыстықпен күреске, тұлғаның құқытары мен заңды мүдделерін қорғауға және сол арқылы құқытық мемлекетті құру мақсаттарына  қызмет етеді.

Сот этикасының дамуы мораль қағидаларымен байланыспаған, тіпті олардың әрекетін шектейтін ерекше кәсіби ізгілік нормаларын іздеу бағытында емес, жалпы ізгілік қағидаларды қылмыстық сот өндірісіне оның ерекшеліктерін ескере отырып енгізу жолымен жүруі тиіс. Бұл қылмыстылықпен күреске, тұлғаның құқытары мен заңды мүдделерін  қорғауға септігін тигізеді.

Қылмыстық сот өндірісіне жалпы азаматтық мораль қағидаларын одан әрі енгізумен байланысты міндеттерді шешу; тергеушіні, судьялардың, прокурордың,  адвокаттың, сарапшының  қызметтерінің  ізгілік қағидаларын айқындау және анықтау; осы тұлғалардың кәсіби  парызы туралы  ілімді құру.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ізгілікті мәнін жан-жақты  ашу; қылмыстық іс жүргізу нормаларын одан әрі жетілдріуге  септігін тигізу. Қылмыстық сот өндірісінде заңдылық қағидасын қамтамасыз етуде ізгілік бастауларын талдау және заңдылық қағидасының қылмыстық іс жүргзудің  қатысушыларының қызметіндегі  мәнін ашу.

Сот этикасы сот әділдігімен тамыр тартып жатқан, соттың шынайылығына тәуелді, онымен біте қайнасудан туындаған айқын да жарқын құбылыс.

        

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы Т.Қ.Сырлыбаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

11 пікір

  1. аватар
    Maddison 15 сентября 2024 08:10

    а.байтұрсынов пен қ.жұбанов еңбектеріндегі синтаксис мәселелері, фонетиканың
    зерттелу жайы журнал газотурбинные
    технологии, национальная библиотека рк электронный каталог сені
    ғана сені ғана таңдадым тағдырыма текст, сені ғана туралы қойылымдар скачать жақсыдан үйрен жаманнан жирен
    тәрбие сағаты 3 сынып, жақсыдан үйрен жаманнан жирен 3
    сынып

  2. аватар
    Manual 19 октября 2024 05:48

    к чемприснилось что у меня есть младенец снится свекровь мы с ней онлайн гадание
    на картах таро на ближайшее будущее в отношениях новое распределение
    гороскопа
    астрология 14 знаков зодиака к чему снится собака
    и щенок во сне для девушки

  3. аватар
    Leonora 21 октября 2024 17:25

    мұнайдың құрамына кіретін заттар, мұнай фракцияларынан алынған
    трактор жағармайы 21 сипаттау үшін өзің ұнататын заттың суретін
    таңда, сипаттау мәтіні мысалдар 3 сынып 23 жаттығу аренда
    кафе столовая, аренда кафе караганда су әкету жүйелері, сумен жабдықтау реферат

    my site кім болғым келеді эссе

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.