Рухани жаңғыру – қоғамың жаңаруы
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында «Рухани жаңғыру – қоғамның жаңаруы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот судьялары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидат доценті - Ж.А.Ганибаева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Әлеуметтік-құқықтық пәндер кафедрасының тарих ғылымдарының кандидат доценті – Б.С.Сулейменов, Ақтөбе қаласының қазақ гуманитарлы заң колледжінің арнайы пән оқытушысы - С.А.Жумагазина қатысты.
Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.
Тарих ғылымдарының кандидат доценті – Б.С.Сулейменов қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты. Оқытушы біздің ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.
Кездесу барысында атап өткендей, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.
Өз сөзінде сот төарғасының м.а. А.К.Мулдагалиев, Президентің мақаласы еліміз үшін маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.
[xfvalue_img]