Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Сот қабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына судья К.С.Иманалиев, сақтандыру компания өкілдері қатысты.
Судья К.С.Иманалиев «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін енгізудің негізгі қағидаларының бірі – азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігін, сонымен бірге сот органдарының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты.
«Ақпараттық сервис пайдаланушыларға үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, сотқа талап арыз, өтініш, пікір жіберу мүмкіндігін ұсынады. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін пайдаланушылардың айтарлықтай өсуі, аталған сервистің енгізудің өзектілігін мен уақытылығын көрсетеді»,- деді судья.
Сонымен қатар, қатысушылар электронды сервисті пайдаланудағы өзекті мәселелерді талқылады.
Соңында дөңгелек үстел қатысушылары ақпараттық сервистің артықшылықтары туралы пікір алмасты.
[xfvalue_img]