Сот саласындағы өзгерістерді жүзеге асыру

Сот саласындағы өзгерістерді жүзеге асыру

Жалпы, сот саласында бүгінде жүзеге асырылып жатқан игі өзгерістердің бәрі де «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттердің шеңберінде іске асырылып жатқаны белгілі. Бұған қоса, Мемлекет Басшысы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының «Құқық тәртібі және заңдылық» бөлімінде екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен        

Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіруге бағытталуы тиістігіне ерекше назар аударады.  
Енді сот саласында соңғы жылдарда қолға алынған осы оң өзгерістер  жайында жан-жақты баяндай кетейік.
Былтырғы жылы қабылданған Азаматтық процессуалдық кодексте үш сатылы сот жүйесін енгізу нақтыланған еді. Бұның артықшылығы – сот шешімдерінің жеделдігін, сапалылығын арттырып, қарапайым халықты әуре-сарсаңға салмайтындығында және сот ісінің созбалыққа салынуына жол бермейтіндігінде. Бұрын бес сатылы сот жүйесі қызмет істеген кезде төменгі сатыдағы сот шешімдерін жоғарыдан бұзу арқылы істің созылуы орын алатын және апелляциялық немесе кассациялық алқаның судьялары бір-біріне ауысып жататын. Бұның бәрі жұмыстың сапасына, жеделдігіне біршама кері әсерін тигізіп келген болатын. Ендігі уақытта облыстық сотта тек апелляциялық алқа ғана қалып, істі қарау мерзімі мен тәртібі біраз қысқартылды. Кассациялық қарау құзыреті Жоғарғы сотқа берілді. Осыған орай, Жоғарғы соттың құрамы кеңейтіліп, оған аймақтарда үлкен тәжірибе  жинақтаған білікті судьялар тартылды. 
Бұрынғы заңға сәйкес бірінші сатыда қаралған істер бойынша сот шешіміне тараптар шағым-арызды он бес күннің ішінде беруі тиіс болса, ендігі уақытта ол мерзім бір айға дейін ұзартылды. Түрлі жағдайларға байланысты сот шешіміне орай, арыз-шағымды он бес күннің ішінде беріп үлгере алмайтындар болады. Сол себепті бұл өзгеріс қарапайым халық үшін қолайлылық туғызатыны анық. Жоғарғы соттың кассациялық алқасына шағымдану тәртібі де аздап өзгертілген. Мынадай жағдайларда азаматтар кассациялық шағым бере алмайды: ықшамдалған тәртіпте қаралған істер, бұйрық тәртібімен шығарылған шешімдер және екі тараптың келісімге келуіне орай шығарылған шешімдер. Үш сатылы сот жүйесіне көшу істерді қарауды оңтайландырып қана қоймай, жеделдігін және сапасын да арттыруға жағдайжасайды. 
Сот саласындағы соңғы жылдарда жүзеге асырылған игі өзгерістердің қатарында жаңа технологияларды пайдалануды атап өткен жөн. Бүгінгі күні барлық сот залдары бейне-дыбыс жазатын құрылғылармен қамтамасыз етілген. Барлық сот отырыстары бейне-дыбыс таспаға жазылып алынады.

Бұл, біріншіден, судьялардың сот мәжілістерін өткізу тәртібі мен заңды бұрмалауына жол бермейді. Екіншіден, дауласушы тараптар да сот мәжілісін өткізу тәртібін бұрмалай алмайды. Бұрын сот хатшысы мәжіліс  барысында тараптар мен куәлардың сөздерін жазу кезінде техникалық себептермен кейде бұрмалаушылықтарға жол беріліп жатса, ендігі уақытта бұндай олқылықтар болмайды. Сондай-ақ, тараптар сот отырысы жазылған бейне-дыбыс таспаларын өз қалауларынша  жүктеп алуларына болады. 

Сонымен қатар, елімізде сот саласын жүзеге асыру біздің  яғни, сот қызметкерлерінің біріңғай бір міндеті болып табылпады. 

Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық соты.

 

Муксинов Асылбек

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.