Судьялыққа кандидаттарға деген талап күшейтілді

Судьялыққа кандидаттарға деген талап күшейтілді

Сот билiгi Қазақстан Республикасының

атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен

 ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен

 заңды мүдделерін қорғауға,  Республика

Конституциясының, заңдарының,  өзге де

нормативтiк құқықтық актiлерiнiң,

 халықаралық шарттарының орындалуын

қамтамасыз етуге қызмет етедi.

 

Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан судьялармен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25желтоқсандағы №132-II Конституциялық Заңына 2017 жылғы 03 шілдеде өзгерістер мен толықтыруылар енгізіліп, бұл түзетулер 2017 жылы 14 шілдеде күшіне енді.

Заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес:

  • судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі 30 жасқа дейін жоғарылатылды;
  • тағылымдамадан және полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды;
  • бос судья лауазымдарына конкурсқа қатысушылардың барлығы құжаттарын Жоғары Сот Кеңесіне тапсырғаннан кейін тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің және облыстық сотттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алуға тиіс. Сонымен қатар, егер облыстық сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушы өзі судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын болса, конкурсқа қатысуға жіберілгеннен кейін облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайта алуға тиіс емес. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар да Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алудан босатылады.
  • судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған, сондай-ақ судья лауазымынан сот төрелігін ұйымдық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей конкурстық негізде судья лауазымына орналасу құқығы берілген.

Елбасы айқындап берген «100 нақты қадам» Ұл жоспарын іске асыру мақсатында бағытталған заң нормалары судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар мен судьяның кәсібм қызметін бағалауға бағытталған.

Заң аясындағы өзгерістер мен талаптар негізінде судьялыққа кандидаттарға деген талаптың күшейтілуі өз кезегінде судьялар қатарына орныққан, тәжірибелі, білімі жетілдірілген тұлғалардың қосылуына септігін тигізері сөзсіз.

 

Астана қалалық соты

Баянова Ботагоз

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.