Жауапкерді құрылыс материалдары үшін ақы төлеуге міндеттеді
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «К» ЖШС-нің «Н» ЖШС-нен қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында 2015 жылы талапкердің жауапкерге 800 мың теңге сомасына құрылыс материалдарын қойғандығы анықталды. Алайда жауапкер қабылданған тауарға ақы төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 439-бабының 1-тармағына сәйкес шарт пен заң актiлерi талаптарынан бағаны белгiлi бiр мерзiмде төлеу мiндетi туындамаса, сатып алушы оны өзiне тауар немесе сол тауарға арналған тауарға билiк ету құжаттары берiлгеннен кейін кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
Азаматтық іс материалдарын зерттеп, сот талапкердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының материалдары бойынша
[xfvalue_img]