Әдеп қағидалары

Әдеп қағидалары

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру үшін әдеп қағидалары мен судьялардың мінез-құлық ережелерінің жаңа кодексін қабылдауы, елімізде 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын нақты орындаудан туындады. Басты бағыттарының бірі сот реформасы болып табылады. 100 қадамды орындау мақсатында қабылданған жаңа заңдар сот жүйесін түбегейлі өзгертуге, оны тәуелсіз және тиімдірек етуге арналған. Сот қызметінің нәтижелері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, экономиканың жағдайына, нақтырақ айтқанда, шетелдік инвестицияларды тарту мәселелеріне жағымды әсер етуі керек.

Әділ соттың алдында тұрған жоғарғы және жауапты міндеттерді халыққа адал қызмет ететін, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындайтың, адалдық пен әділдікті қатаң сақтайтың, халық арасындағы беделі жоғары, моральдық нормаларды жоғары ұстайтын судьялар жүзеге асыруы тиіс.

Жоба судьяның кәсіптік және моральдық келбетіне қоғамның зор талаптарын ескеріп әзірленген. Кодексті қабылдау биліктің сот тармағына қоғам сенімінің негізі ретінде судьялардың іс-әрекеттерінің ортақ әдеп стандарттарын орнату мақсатын көздейді.

Жоба 5 тарау және 33 баптан тұрады. Онда келесідей тараулар қарастырылған: «Судьялардың іс-әрекеттерінің әдеп қағидалары», «Кәсіби міндеттерді орындау кезінде судьяның іс-әрекеттерінің әдеп ережелері», «Судьяның отбасындағы және тұрмыстағы іс-әрекеттерінің әдеп ережелері». Кодексте орын алған қағидалар және ережелер атқаратын қызметтерінен тәуелсіз барлық судьяларға, сонымен қатар отставкадағы судьяларға міндетті болады. Судьяның әдеп қағидалары мен ережелерді бұзу фактісі азаматтардың және ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің лауазымды тұлғаларының өтініші бойынша қабылданған сот қоғамдастығының уәкілетті органының шешімінің негізінде ғана расталуы мүмкін. Одан басқа уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары бойынша жеке бастамасымен судьяның әдеп қағидалары мен іс-әрекеттер ережелерін бұзу фактісін қарастыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесі аталған жобаны талқылап, оның негізгі ережелерін мақұлдады. Жоба көпшілік тарапынан талқылану үшін жарияланатын болады. 2016 жылдың қазанда соңғы редакцияда судьялардың әдеп қағидалары мен іс-әрекеттері ережелерінің кодексін қабылдайтын Судьялар одағының кезектен тыс VII съезі өтеді.

 

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

 мамандандырылған ауданаралық

сотының жетекші маманы                                                              

Л.Төлеп

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.