СҚО-ның үздік учаскелік полиция инспекторы Уәлиханов ауданында қызмет етеді

СҚО-ның үздік учаскелік полиция инспекторы Уәлиханов ауданында қызмет етеді

https://youtube.com/shorts/caXGs3jN31I?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауында алғаш рет ұзақ уақыттан кейін жүлделі екі орынды бірден ауылдық жерлерде қызмет ететін полицейлер иеленді. 

СҚО ПД-де өткен кәсіби шеберлік байқауы аясында қатысушылардың дене дайындығы, нысана көздеу дәлдігі және заңнаманы білу деңгейі тексерілді. 

Байқау жеңімпазы – Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Ербол Қажыбаев. Екінші орынды Петропавл қаласы полиция басқармасының Екінші полиция бөлімінен Әсет Тұрсынов иеленді. Үшінші орын Тайынша ауданынан қатысқан Ануар Данияровқа бұйырды. 

Уәлиханов ауданы – облыстағы аумағы ең үлкен аудан. Елді мекендердің арасы да алшақ орналасқан. Сондықтан учаскелік инспектор өзіне бекітілген аумақты жақсы біліп қана қоймай, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуы маңызды. 

Ол – тұрғындар үшін заң мен тәртіптің негізгі өкілі. Адамдар қиын жағдайға тап болғанда көмек сұрап, ең алдымен учаскелік инспекторға жүгінеді. Тұрғындардың полицияға және жалпы мемлекетке деген көзқарасы да көп жағдайда оның жұмысына байланысты. 

Ербол Қажыбаев ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет етеді. Ол мамандықты патрульдік полицияда жұмыс істеген әкесінің үлгісімен таңдаған. Жұбайы да полиция қызметкері. 

Ербол Қажыбаевтың жеңісі оның кәсіби дайындығын және ауылдық жерлердегі учаскелік инспекторлар қызметінің маңызын көрсетеді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.